35
Қазақ тарихы
№9 (186), қыркүйек, 2020
ЕЛ РЕФОРМАЛАРЫМЕН ҚАТАР ЖҮРГЕН ҚАЙРАТКЕР
(Мақсұт Сұлтанұлы Нәрікбаевтың жеке қор құжаттары бойынша)*
Оразгүл МҰХАТОВА,
тарих ғылымдарының докторы, профессор,
Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология
институтының бас ғылыми қызметкері
Алматы қ., Қазақстан, email: Orazgul7@rambler.ru
Айнагүл ҚАЙЫПБАЕВА,
тарих ғылымдарының кандидаты,
қауымдастырылған профессор, Ш.Уәлиханов
атындағы Тарих және этнология институтының
жетекші ғылыми қызметкері, email: aina_78@mail.ru
Елдегі ең жас архивтердің бірі саналатын Қа-
зақстан Республикасы Ұлттық архивінде бірқатар
мемлекет және қоғам қайраткерлерінің жеке қорлары
сақтаулы. Солардың бірі – заң ғылымдарының док-
торы, профессор, жоғары білікті судья, 2-класты
мемлекеттік әділет кеңесшісі, Қазақ гуманитарлық-
заң университетінің ректоры Мақсұт Нәрікбаевтың
(1940-2015 жж.) өмірі мен қызметінен, ғылыми шы-
ғармашылығынан мәлімет беретін құжаттар жинақ-
талған 164-қор. М.С.Нәрікбаевтың жеке құжаттары
архивке 2008 жылдың мамыр айында қабылданды.
Ғылыми тұрғыда ретке келтірілген істердің са-
ны – 80. Олар 1995-2008 жылдар аралығын қам-
тиды. Құжаттар 6 бөлімнен тұрады. Олар: М.С.Нә-
рікбаевтың өмірбаянына, қызметтік және қоғамдық,
шығармашылық құжаттары, хаттар, жинақ және қор
құрушы туралы құжаттар [1].
М.С.Нәрікбаевтың қор құжаттары мазмұны жағы-
нан жас тәуелсіз мемлекеттің қалыптасу және даму
тарихымен астарлас. Қорда оның компьютерге те-
ріліп, өз қолымен түзетулер мен толықтырулар ен-
гізген өмірбаяны сақтаулы. Өмірбаянның баян-
далуынша
Достарыңызбен бөлісу: |