37
Қазақ тарихы
№9 (186), қыркүйек, 2020
барлық республика азаматтарын жұмылуға шақыр-
ды [7, 14-п.]. Қорда сыбайлас жемқорлықпен күрес
турасындағы М.С.Нәрікбаевтың сұхбаттары, мақала-
лары тәркелген.
Қор құжаттарының арасында Мақсұт сұлтан
ұлының заң саласында қазақ тілінің қолданыс
аясы туралы пікірлерін, сөйлеген сөздерін кез
дестіруге болады. Сондай құжаттардың бірінде
қор құрушының ана тіліне деген көзқарастары, өзі
қызмет етіп жатқан саладағы оның тағдырына алаң-
даушылық мына сөздерінен анық байқалады. «Қазақ
тіліне мемлекеттік мәртебе берілуі қазақ тілінің
қолдану аясын кеңейтіп, дамуына біраз жағдай
жасады. Дегенмен қазақ тілінің мемлекеттік
тіл ретінде қолдану мәселесі әлі де өткір күйін-
де қалып отыр. Біріншіден, қолданыстағы тіл-
дік заңнамада мемлекеттік тілді меңгерудің нақ-
ты қажеттілігі анықталмаған; Екіншіден, мем-
лекеттік тілді меңгеруге деген сұранысты іс
қағаздарын мемлекеттік тілге аудару шектеп
отыр. Сондықтан да еліміздің үш азаматының
екеуі өз елінің мемлекеттік тілін меңгермеуі
таңғаларлық жағдай болмай отыр; Үшіншіден, қазақ
халқы санының жалпы өсуіне қарамастан, қазақ
тілін ана тілі ретінде меңгерген қазақтар санының
көбеймей отыруы тілдік дағдарыстың жалға-
сып отырғанының куәсі; Төртіншіден, қазақ тілі
жаһандану заманында орыс, ағылшын тілдерімен
бәсекелестікке түсті. Осыған орай біздің елде,
әлемнің басқа елдеріндегідей, тілді қолдану мен
дамыту үшін тілді қорғау тетіктерін енгізу
қажеттілігі туып отыр; Бесіншіден, қазақтардың
ұлттық сана-сезімінің және жақын уақыттағы
ел тұрғындарының 70 пайызын құрайтын қазақ
этносының демографиялық өсуі тілдік заңнамаға
жаңа көзқарастарды талап етіп отыр» [8, 3-п.].
Достарыңызбен бөлісу: |