М.с.Нәрікбаев 1940 жылы 30 наурызда
Талдықорған облысы Еркін ауылында дүниеге
келген. Әкесі Сұлтан Оразбеков 1942 жылы Ұлы Отан
соғысында қаза тапқан. Анасы Зейнепгүлсін 2005
жылы дүниеден озған. Мақсұт Сұлтанұлы үйленген,
үш ұлы, үш қызы бар деп жазылған.
Орта мектепті бітіргенен кейін Алматыдағы
кооперативті техникумға оқуға түсті. Алайда
техникумдағы оқу басталған тұста 1958-1959 жыл-
дары Украинаның Днепродзержинск қаласын да-
ғы №8 техникалық училищенің курсанты болды.
Бұдан соң өте қысқа мерзімде 1959 жылдың қа-
занынан желтоқсан аралығында Теміртау қала сын-
да Қарағанды металлургия комбинатының құры-
лысында такелажшы болып еңбек етті. «1960-1973
жылдары Талдықорған облысының мәдени-ағарту
мекемелерінде түрлі қызметтерде болдым» деп
көрсеткен. 1974 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ
мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бо-
йынша бітірді. Қордағы құжаттар Мақсұт Сұлтан-
ұлының заңгер болуды армандамағандығын дәйек-
тейді. Өзінің бұқаралық ақпарат құралдарына берген
сұхбаттарында осы турасында былай деп жазды:
«Көптеген адамдар кәсібімді мектепте оқып
жүрген кезде таңдап қойдым деп. Бірақ мен оныншы
класта оқып жүрген кезімде заңгер боламын
деген ой мүлде санама кіріп те шықпады, себебі
ол кезде құрылысшы, ұшқыш, журналист тәрізді
мамандықтардың болашағы бар деп есептелді.
Заңгерлерге сұраныс болмады. Ал менің әртүрлі
қабілетім бар еді. Сегізінші кластан бастап су-
рет сала бастадым, кластың көркемөнерпаздар
тобына жетекшілік еттім, режиссер-қоюшы ретін-
де Мұқтар Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасын сах-
наладым. Оныншы сыныпты бітіргеннен кейін ин-
женер-құрылысшы боламын деп ойладым» [2, 3-п.].
Біресе өнер адамы, біресе құрылысшы, арасында
металлург болуды көздеген Мақсұттың ойларын орта
білімі бар, әскерде борышын өтеп келген, өзінен 4-5
жас үлкен, Қапал аудандық комсомол комитетінде
екінші хатшы болып қызмет ететін немере ағасы бұзды.
Қорда сақтаулы естеліктерінде осы бір жайтты қор
құрушы былайша баяндаған: «Ол менен қайда оқуға
түсесің? деп сұрады. Мен құрылыс институтына
түсетін шығармын деп жауап бердім. Ағам: онда не
істейсің? Бірге ауыл шаруашылығы институтының
орман шаруашылығы факультетіне түсейік деді.
Мен «Ол не сонда» деп сұрадым. Ол бәрін айтып,
түсіндірді, мен келістім. Отбасында қаржы тапшы.
Менің әкем жоқ, тек колхозда жұмыс жасайтын анам
және әжем бар. Мен үйдегі жалғыз бала болдым.
Анам мен әжем бір сиырды 80 сомға сатты. Бұл
қаржы бір ай бойы өмір сүруге молынан жетеді. Осы
ақшамен біз Алматыға келдік» [2, 3-п.].
Достарыңызбен бөлісу: |