Елбасының «Қазақстан – 2050» стратегиясы қалып
тасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыттары» атты
Қазақстан халқына жолдауында: «Болашақта еңбек
етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары. Мұға-
лім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде
болады. Сондықтан жүктелген міндет өте ауыр»,– деп
көрсетуі, қоғамның, мемлекеттің болашағы жас ұрпақтың
білімділігінен, яғни болашақ мамандардың білімді, білікті,
шығармашыл болуы керек екендігін айғақтай түседі [2].
жаңа тұрпатты мұғалім – рухани жетілген, шығар-
машылық қабілеті жоғары, өзіне сын көзбен қарай ала-
тын, кәсіби дағдылары, педагогикалық дарыны бар,
жаңашылдыққа ұмтылатын тұлға, деп анықталады, ол
үш түрлі құзыреттілікке ие болуы тиіс деп есептелінеді:
әдіснамалық, жалпымәдени, пәндік-бағыттылық. Сондай-
ақ, мұғалім идеалы – білімнің құндылығын айқын түсінетін,
«мәдениеті жоғары адам», өз пәнінің жетік шебері, педа-
гогика мен психологияны терең меңгерген, жеке тұлғаға
бағытталған педагогикалық әдістерді қолдана алатын, өзін
жеке тұлға ретінде дамытып, шығармашылық белсенділігі
мен рухани өсуге деген қажеттілігі мол болуы тиіс. Бүгінде
біздің еліміз жоғары кәсіби білім беруді қайта құрылымдау
және түбегейлі реформалау кезеңін бастан өткерді,
бірақ сонымен бірге мектеп пен жоғары оқу орындары
арасында қалыптасқан күрделі экономикалық қатынастар
оқу орындарындағы білім беру үлгісін қайта қарау мін-
детінен төмендетпейді, сонымен қатар жоғары көркем-
педагогикалық білім берудің білім беру үлгісі мәдениет пен
шығармашылық белсенділігін арттыруды көздейді.
Осыған байланысты миллиондаған адамның шығар-
машылық белсенділігінің өсуі мен сапалы өсуі әлемдік және
ұлттық мәдениет жинақтаған рухани байлықтарды игерудің
тереңдігі мен ұзақ мерзімділігіне бағытталған кәсіби-
техникалық білім берудегі үлкен және күрделі өзгерістердің
табысына байланысты екендігін атап өтпеу мүмкін емес.
Демек, қазіргі білім беру жүйесі – жаңа білім мен дағ-
дыны меңгерген, шығармашылық қабілеті мен бел сенділігі
жоғары, дербес ізденіс нәтижесінде елеулі мәселелердің
шешіміне өздігінен қол жеткізетін, ойлау қабілетімен ерек-
шеленетін, өзін әр қырынан танытатын, талдап, сара лайтын
оймен батыл әрекеттер жасайтын тұлғаны қалыптастыруды
көздейді.
Сондықтан жаңа контекстте қазіргі заманғы білім бе-
рудің өзекті мәселелері білім беру мазмұнын қазіргі за-
манғы талаптарға сәйкес және баланың шығармашылық
белсенділігінің дамуына жағдай жасау болып табылады.
Болашақ мамандардың шығармашылық белсенділігін
қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық және
әлеу меттік-мәдени аспектілерін А.Д.Алехин, H.H.Анисимов,
Е.А.Ва силенко, Л.Е.Выготскийлар қарастырды. Ал В.С.Ку-
зин, Б.Т.Лихачев, А.М.Леонтьев, И.Я.Лернер, С.Л.Рубин-
штейн, В.А.Сластенин, Е.В.Шорохов, Л.А.Ивахнова
олардың негізгі қорытындылары мен ойларын басшылыққа
алып отырмыз. Болашақ көркем еңбек мұғалімдерін даяр-
лауда сәндік-қолданбалы халық өнерінің әртүрлі түр ле -
рін қолдану мәселелері А.К.Ақышев, Х.Арғынбаев, Ө.Жә-
нібеков, Ә.Марғұлан [3;4;5;6] еңбектерінде қазақ хал қы-
ның сәндік-қолданбалы өнеріне байланысты арнайы зерт-
теулер жүргізіп тұжырымды ой қалдырған. Сонымен қа тар
М.Әлімбаев, Т.Бәсенов, М.Мұқанов, К.Ыбраева, С.А.Жол-
дасбековалардың [7] ғылыми еңбектерінде халықтық
өнердің қасиеттерін зерделеніп, эстетикалық тәрбие мен
көркемдік білім берудің теориясы мен әдістеріне бай-
ланысты ой-пікірлер Б.А.Альмуханбетов, К.Әмірғазин,
Е.Асыл ханов, Ү.Әбдіғаппарова зерттеулерінде кеңінен зер-
деленген.
Ғалым Ф.Есарева жоғары мектеп педагогының ерекше
қызметінің мәселесін қарастыра отырып, педагогикалық
және оқу қызметінің субъектілері ретінде педагог пен білім-
гер белсенді түрде қосылған жағдайлар мен жағдаяттардың
жиынтығы ретінде оқу-педагогикалық жағдай. [8, б.136].
Достарыңызбен бөлісу: |