ХІХ ғасырдың 30жылдарының аяғында ге
нералгубернатор В.А.перовский Хиуа жоры ғына
тез қарқынмен дайындала бастады. 1832 жылы
Шошқакөл маңында Ақбұлақ, Жем бойында Ембі пос-
тысын, бекінісін салып шеп тартты. Перовский 7000
күштік әскери құраммен 1839 жылдың қыркүйегінде
Орынбордан аттанбақшы болды. Сөз арасында ай-
та кететін нәрсе ол Шошқакөл маңында салынып жат-
қан әскери бекіністі Қайдауыл батыр 1832 және 1835
жылдары екі рет талқандап, қазақ елінде әскери бекініс-
терді салуға қарсылық білдіргені жайлы. Жоғарыда
айтылған «Хиуа жорығы» деп аталатын жорықтың
ауыртпалығын қазақ елінің көтеруіне тура келді. Бар-
лық әскери құрал-жабдықтарды Хиуаға жеткізу үшін
20 мыңдай түйе қажет болды. Осы түйелерді күту,
жүктерді арту, түсіру үшін 8000 қазақ жігіттерін жинады.
Орынбордағы патша әкімшілігі осындай лауға алған
түйе, жылқылардың я құнын, я жалдау бағасын бер-
мей тін де, олардың көбі зорығудан өлетін. Бұл халыққа
келген нәубет еді. Түйе, адамдар жинау Кіші жүздің
Батыс бөлігі мен Орта бөлігінің аға-сұлтандары Бай-
мағамбет Ай шуақұлына, Арыстан Жантөреұлына тапсы-
рылды. Осы істі шектіліктер мен Табын, Тама ішінде іске
асыру Баймағамбет үлесіне тиді. Олар «шаш ал десе,
бас алатын», патша үкіметінің саясатын «қан ағыза»
жүргізуге машықтанған болатын.
Достарыңызбен бөлісу: |