Ақылдастар алқасы: Х.Әб жа нов, М.Қойгелдиев, Т. Омар бе ков


Қазақ тарихы   №9 (186), қыркүйек, 2020



Pdf көрінісі
бет44/299
Дата02.01.2022
өлшемі1 Mb.
#452020
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   299
9-20

13

Қазақ тарихы  



№9 (186), қыркүйек, 2020

Орынбор  шекаралық  комиссиясына  Ішкі  Ордадағы 

молдалар  мен  метрикалық  (туу  актісінің)  кітапшасы 

туралы  жолдаған  мәліметте  Орынбор  мұсылман  діни 

басқармасына Орда да метрикалық кітапша ны жүргізуді 

Ставкадағы мешіт ахуны С.Хаммадов ұсынғаны назарға 

берілген [6, 6-п., артқы п.].

Екіншіден,  барлық  тіршілік  құбылыстары  Алла  Та-

ғаланың  қолында  екеніне,  күнәлі  істері  үшін  оның 

қарғысына  ұшырайтынына  мұсылман  кәміл  сенеді. 

Осы  сенім  –  оны  жаман  істерден  тежеуші  және  дұрыс 

жолдан, имандылықтан шықпауына себепші. Сондықтан 

да «Өлі риза болмай, тірі байымайды» деген қағиданы 

ұстанған  ахун  С.Хаммадов  «Ішкі  Орда  қазақ  хандары 

туралы»* кітапшасында [8] сөз басын: 

«Бисмилла  рахман  рахим!  Жаһанда  туылған 

істерден саған бір-бірден хабар беремін, нелер келді, 

нелер  кетті,  оны  сізге  айтайын.  Егер  құлақ  салып, 

ыждағаттықпен  тыңдасаңыздар,  жаһан  ахуалын 

жүйелеп  айталық.  Қани  Адам  сафи  алла  және  Нұх 

нәби  алла  һәм  Ибраһим  Халел  алла  бұлардың  бәрі 

өткен.  Жеті  ықылымға  патша  болған,  өкім  еткен, 

аң-құстарды басқарған Сүлеймен де о дүниеге сапар 

шеккен. Дүниені билеген Ескендір шаһтың зұлматқа 

кіретін, өмір бұлағын ішетін жайы тозаққа айналған. 

Дүние  бағына  келген  Мұхамед  Ахмет  нәби  біраз 

уақыт  байсалды  өмір  кешіп,  ол  да  өмірден  озған. 

Әбубәкір,  Омар,  Ғұсман,  Кіна  Хайдар,  Әли,  Шаһан, 

Хасен, Хұсайын, екі Шабан бұлар да фәниден көшкен. 

Хандар да, әйелдері де бұл дүниеден опа таппай фәни 

дүниеге аттанған»,– деп бастайды.

«Адамды  жалғыз  сатыда  қарап  зерттеу  обал, 

оны  әр  деңгейде,  әр  мазмұнда  қарастыру  қа жет»,– 

деген  екен  кезінде  Қожа  Ахмет  Иассауи  ба бамыз. 

Сол  айтқандай  кітап  авторы  кие  қонған  Әбіл қайыр 

бабаларының ісін билігімен емес, саяси кү рескерлігімен, 

қайталанбас өнерімен жалғастырған қалың әулет туралы 

ахун  С.Хаммадов  өз  жазбасында  Кіші  жүз  хандары 

Әбілқайыр, Нұрәлі, Ерәлі, Есім, Айшуақ, Мірәлі, Бөкей, 

Шығай,  Шерғазы,  Жәңгір  хандардың  да  пенде  ретінде 

бұл  фәниден  өткендігі  туралы:  «...  Тағы  Шыңғыс  хан 

нәсілінен тараған нешелеген хандар мәңгілік таппай, 

бұл  фәниден  бәрі  де  өткен.  Олардың  бәрінен  бері 

баһадұр  хан  Әбілхайыр  бұл  фәниде  шейт  болып,  о 

дүниеге  көш кен.  Оның  ұлдары  Нұрәлі,  Ерәлі  хан  бәрі 

де дәурен сүріп, өмірден өткен. Есім де палуан еді Кіші 

жүзге хан болып, ақыры шейт болып, ол дүниеге сапар 

шеккен. Тағы Айшуақ билік құрған, оған да ажал-нәубет 

жетіп, бұл дүниеден өткен. Және Нұрәлі хан ұлы Мірәлі 

түркіменге хан болып, о да бұл дүниемен қоштасқан. 

Айшуақ баласынан Шөжантөк (Шабақ – А.А.) баһадұр 

хан  заманында  дәурен  сүріп,  шейт  болған.  Нұрәлінің 

ұлы Бөкей хан Нарынқұмды билеп, біраз уақыт дәурен 

сүріп, бұл дүниеден өткен. Бөкейден соң Шығай сұлтан 

Нарынқұмды  билеп,  хан  ісін  ада  қылып,  ақыры  ол  да 

қайтыс болған. Шерғазы хан талай заман дәурен сүріп, 

қартайып барып, ажал құрығына ілінді»,– деп жазды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   299




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет