сабыр Хаммадов (архив деректерінде Джабер
Хамадов, Джабир Хаматов, Джабир Хамметев –
А.А.) 1790 жылы дүниеге келген. 1875 жылдың 11
маусымында 85 жасында дүниеден өткен. Қазан татары.
1840 жылдан тархан. 1842 жылы Жәңгір хан ордаға
жақын маңнан 12 мың десятина жерді сыйға беріп, өмір
бойы пайдалануға пәрмен шығарған.
Жәңгір ханның Шекаралық комиссияға Сабыр
Хаммадовқа ел басқару мәселелерімен шұғыл да натын
қызмет иесі имам мен ахун атағын беру жө ніндегі 1828
жылдың 17 қаңтарында №77 қатынас қағазына сол
жылдың 28 мамырында Шекаралық комиссия төрағасы,
полковник Генс, хатшы При быловский, үстел бастығы
Павловский қол қойған №1795 қатынас қағазы бойынша
берген жауабында 1824 жылғы берілген жарлық бойынша
бекітілген қазы атағымен атала беретіндігін назарға
берген [1, 164-п., артқы-п.].
Достарыңызбен бөлісу: |