сафи ағамыз 1971 жылы зейнеткерлікке
шыққаннан кейін де өзінің тәжірибесін, білімін
еліміздің дамуына арнады. 1972-1980 жылдары
Қазақ Мемлекеттік ғылыми-техникалық ақпарат тық
институтында директордың орынбасары қызме-
тін атқарды. Сафи Өтебайұлы барлық саналы
ғұмырында өзінің бар тәжірибесін, үлгі-өнегесін, жас
ұрпаққа бере білді. Оған дәлел, Сафи ағамыз Аты-
рау өңіріне келген сайын мұнайдың жүз жылдығы,
т.б. шараларда міндетті түрде Атырау мұнай жә-
не газ институтының ұжымы мен студенттерімен
кездесуді дәстүрлі үрдіске айналдырды. Осындай
бір кездесуде студенттердің «көп жасаудың сыры
неде?»,– деген сұрағына ойлана жауап бергені
есімізде. Сафи ағамыз «таза еңбек, адамдарға қол
ұшын беру, жақсылық жасау, таңдаған мамандықты
толық меңгеру, оны құрметтеу, адал қызмет
ету» деген болатын. Әрине, Сафи Өтебайұлының
Отан алдындағы еңбектері лайықты бағаланды.
Атап айтсақ, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым
және техника қайраткері (1969), КСРО «Құрметті
мұнайшысы», «Ленин», «Еңбек Қызыл ту», «Қазан
революциясы», «Отан», I дәрежелі «Барыс» орден-
дерімен және медальдарымен марапатталған [4].
Сафи Өтебайұлы ағамыздың өмір жолдарына үңі-
ле отыра алатын тағылымдарымыз – алдына мақ-
сат қойған адам өз болашағының иесі, ел игілігі
үшін аянбай бар күш-жігерін, білімі мен біліктілігін,
маңдай терін төккен азамат оның жемісін де кө-
ретіндігіне куә болдық. Қорыта келе, мемлекет
жә не қоғам қайраткері, алғашқы мұнайшы-ин-
женер, жерлесіміз Сафи Өтебайұлы Өтебаев есі -
мі – Қазақстан Республикасы үкіметінің 2019 жыл -
ғы 14 ақпанындағы №64 қаулысына сәйкес, Аты -
рау мұнай және газ университетіне берілуін бар ша
отандастар, мұнайшылар қауымы зор риза шы-
лықпен қабылдады.
РЕЗЮМЕ
В данной статье рассматривается роль С.У.Уте-
баева как одного из основателя нефтяной про-
мышленности Казахстана. Также раскрывается его
роль как видного государственного и общественного
деятеля, первооткрывателя нефтяного Мангышлака
и наставника всех кадров нефтяной отрасли.
Достарыңызбен бөлісу: |