Ақылдастар алқасы: Х.Әб жа нов, М.Қойгелдиев, Т. Омар бе ков


Қазақ тарихы   №9 (186), қыркүйек, 2020



Pdf көрінісі
бет82/299
Дата02.01.2022
өлшемі1 Mb.
#452020
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   299
9-20

21

Қазақ тарихы  



№9 (186), қыркүйек, 2020

Николай ЛАПИН,

тарих ғылымдарының кандидаты

қауымдастырылған профессор (доцент), 

ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты

Қазақ-орыс  қатынастарының  тарихы  отандық 

тарихнаманың  маңызды  бағыты  екені  мәлім.  Деген-

мен,  екі  жақты  қатынастар  тарихының  барлық 

кезеңдері  біркелкі  зерттелмеді.  Қазақ  хандығы  мен 

Ресей  патшалығының  ең  ерте  кезеңдерінен  кейінгі 

және орта ғасырлардағы қарым-қатынастары аз зерт-

телген. Осындай кезеңдердің бірі – XVII ғасыр соңы 

мен XVIII ғасыр басындағы кезең, уақыты өте қысқа, 

бірақ екі мемлекеттің қарым-қатынастарының жалпы 

дамуын түсіну үшін маңызды болып табылады. Дәл 

осы мерзімде тоқсан жылдық үзілістен кейін екі елдің 

қарым-қатынасы қалпына келтірілді және белгілі бір 

деңгейде дамыған. 

Егер  өзара  қатынастың  алдыңғы  кезеңі  (мә-

селен,  XVI  ғасыр  соңындағы  қазақ-орыс  елшілік 

бай ланыстары)  бұрыннан  зерттелсе  [1,  198-199-бб.; 

2,  50-б.],  алайда  XVII  ғасырдың  соңында  екіжақты 

қарым-қатынастарды  қалпына  келтіру  мәселесі, 

олар  дың  қатынастарының  жаңа  кезеңінің  басталуы 

аз зерттелген.

Қазіргі  кезеңде  қарым-қатынастарды  қазақстан-

дық (Қ.К.Абуев, З.Е.Кабулдинов, Ф.М.Шамшиденова, 

Ж.Е.Жаппасов,  Б.А.Ғабдулина,  И.В.Ерофеева,  А.Кү-

зембайұлы,  Э.Т.Телеуова)  және  ресейлік  (Т.И.Сул-

танов,  А.В.Беляков,  Д.В.Васильев,  Р.Ю.Почекаев, 

Д.Н.Маслюженко)  тарихшылар  табысты  зерттеуде. 

Бұл кезеңнің маңызды аспектілері бұрын Басин В.Я. 

мен А.Сабырхановтың еңбектерінде зерттелді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   299




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет