Дәл осы кезеңде республиканың және басқа
республикалардан келген тарихшылардың бір
лес кен күш салуымен «Қазақ КсР тарихы» атты
алғашқы ірі жинақталған еңбек шықты. Қазақстан
тарихы бойынша 40-жылдары үш жалпылама ака-
демиялық еңбек шығады. Бұл КСРО Ғылым Ака-
демиясы және оның қазақстандық филиалының
ая сында жарияланған М.П.Вяткиннің «Қазақ КСР
тарихы бойынша очерктері» (1941 ж.) [7] және «Қазақ
КСР тарихы» (1943 и 1949 гг.) атты екі ұжымдық
еңбек [8-9]. Үлкен хронологиялық кезеңді қамтитын
Қазақ стан тарихы бойынша осы жинақталған жұмыс-
тар тағы бір факторды біріктіреді. М.П.Вяткин осы
«Очерктерінен» басқа, XVII ғасырдың соңында қазақ-
орыс қатынастарын қалпына келтіру мәселелерін
қарастырған 1943 және 1949 жж. басылымдардағы
параграфтардың авторы да болды.
Мақалада осы еңбектерде XVII ғасырдың соңғы
онжылдықтарында қазақ-орыс қарым-қатынастарын
қалпына келтіру мәселесі қалай көрініс тапқан,
жаңа заманда қазақ жерлерінің Ресейге қосылу
үдерісін түсіндіретін тұжырымдамалардың өзгеруі
жағдайындағы оқиғаларды бағалауда қандай өзге-
рістер болғаны зерделенеді.
М.П.Вяткиннің ежелгі дәуірден XIX ғасырдың соңғы
ширегіне дейінгі Қазақстан тарихын топтастырған
«Қазақ КСР тарихы бойынша очерктер» атты алғашқы
кітабы 1941 жылы шыққан. Оған дейін бірнеше жыл
бұрын Қазақстан тарихы бойынша ірі жинақтал-
ған еңбекті С.Д.Асфендиаров жариялады. Алайда,
оның еңбегінде XVII ғасырдың соңындағы қазақ-
орыс қарым-қатынастарын қалпына келтіру мәселесі
мүлдем қозғалмаған [10]. Бұл бұрынырақ шыққан
А.П.чулошниковтың еңбегіне де қатысты [11].
Достарыңызбен бөлісу: |