Михаил порфирийұлы Вяткин – ХХ ғасыр
ортасындағы Қазақстанның ірі тарихшыларының
бірі. Оның ең маңызды еңбегі – әйгілі «Батыр Сырым»
кітабы. Сонымен қатар, оның басшылығымен қа-
зақ-орыс қарым-қатынастарының тарихы бойынша
құжаттарды жариялау үшін үлгі болған «Қазақ КСР
тарихы бойынша материалдар» шығарылған [12].
1940-шы жылдары ресей мен қазақ билеушілері
арасындағы қарым-қатынас мәселелерінде Қазақ-
стан тарихы бойынша еңбектерде М.П.Вяткин
«неғұрлым аз зұлымдық» тарихнамалық тұжырым-
дамасын басым ұстанды. Бұл туралы ол талдау
еңбектерінде: «Қазақстан, дәлірек айтқанда, оның
солтүстік-батыс бөлігінің, Ресейге XVIII ғасыр-
дың 30-жылдарында бағынуын біз абсолютті емес,
неғұрлым аз зұлымдық ретінде бағалауымыз ке-
рек»,– деп тікелей жазды [7, 132-б.].
Ол Ресей империясына қосылу тарихын идео-
логияландырмай және «патшаның барлық зорлық-
зомбылықтарын» ақтамауға шақырды. Сонымен
бірге М.П.Вяткин өз жұмысында «осы оқиғаның қалай
дамығанын, нақты тарихи жағдайды [яғни, қосылу]
негізге алуға шақырды» [7, 131-б.]. Осылайша, оның
ҚАЗАҚ-ОРЫС БАЙЛАНЫСТАРЫНЫҢ ЖАҢҒЫРТЫЛУЫ
Достарыңызбен бөлісу: |