Факультатив сабақтар - оқу пəндерін оқушылардың өз таңдауы
жəне қызығуларына орай тереңдете оқуына арналып, шəкірттердің
ғылыми-теориялық білімдері мен практикалық ептіліктерін дамытуды
көздейді.
Білім беру міндеттеріне сəйкес факультатив түрлері келесідей:
- негізгі оқу пəндерін тереңдете игеру;
- қосымша пəндерді (логика, риторика, шет ел тілдері жəне т.б.)
меңгеру;
- мамандық (стенография, компьютерлі, бағдарлама түзу) алуға
байланысты қосымша пəндерді өту;
Факультатив бағыттары теориялық, тəжірибелік немесе аралас
болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |