Оқу конференциясы – білім арттыру, бекіту жəне жетілдіруге
бағытталған оқу ұйымдастыру формасы. Əдетте, мұндай форма
бірнеше топтардың қатысуымен өткізіледі.
Зертхана-практикалық сабақтар, практикумдар – оқушылардың
мұғалімдер тапсырмалары жəне басшылығында зертханалық тəжірибе
жұмыстар орындауына арналған оқу ұйымдастыру формасы. Бұл оқу
түрі пəн кабинеттерінде , зертханаларда, шеберханаларда, оқу-тəжірибе
алаңдарында, оқушылардың өндірістік бригадаларының қатысуымен
өндіріс комбинаттарында өткізіледі.
Мұндай дəрістердің негізгі дидактикалық мақсаттары - өтілген
теориялық материалдардың эксперименталды негіздемесіне көз
жеткізу; эксперимент техникасын меңгерту; тəжірибелер өткізу
арқылы
оқу-тұрмыстық
міндеттерді
шешу
ептіліктерін
қалыптастыру; əрқилы оқу жабдықтары мен техникалық
құралдарды пайдалануға дағдыландыру.
Бұл сабақтар сонымен бірге бағдарламадағы ірі бөлімдерде берілген
теориялық
материалдар
игерімін
бақылау,
қадағалау
үшін
қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |