тəрбиелеп, олардың шығармашыл қабілеттері мен рухани күштерінің
көзін ашып, жетілдіріп, дамыта түседі.
Əр сабақ негізгі бірліктерден құралады.Олар – жаңа материалды
түсіндіру, бекіту, қайталау, білім, ептілік, дағдыларды тексеру.
Бұлардың əрбірі мұғалім мен оқушының қандай да өзіндік сипатына ие
іс-əрекетімен ұштасады. Аталған бірліктер сан қилы байланысқа түсіп,
сабақ құрылымының, оның кезеңдері арасындағы көптеген сан жəне
сападағы көрініс береді.
Сабақ құрылымы – бұл белгілі бірізділікті жəне өзара қарым-
қатынасқа келген дəріс бірліктерінің байланыс тұтастығы. Құрылым
əрқашан дидактикалық мақсатқа, оқу материалының мазмұнына,
оқушылардың жас айырмашылықтары мен ұжым сипатындағы сынып
ерекшеліктеріне тəуелді. Сабақ құрылымының көптүрлілігі сабақ
типтерінің де сан алуандығына жол ашады.
Бүгінгі дидактикада сабақ типтерінің жалпылай қабылданған нақты
классификациясы жоқ. Мұның басты себебі – сабақта мұғалім мен
оқушы арасындағы өзара байланысқа түсетін ықпалдас іс-əрекеттердің
алдын ала болжамға келе бермейтін күрделілігі мен көп тараптылығында.
Бүгінгі дидактика сабақ типтерін олардың басты сипатына орай
төмендегіше топтастырады:
Достарыңызбен бөлісу: