Бабаев С. Б., Оңалбек Ж. К


 Тəрбие міндеттері мен қызметтері



Pdf көрінісі
бет153/244
Дата02.01.2022
өлшемі1.76 Mb.
#452896
түріОқулық
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   244
Жалпы педагогика 2005

12.1. Тəрбие міндеттері мен қызметтері 
 
Тəрбие педагогикада бірнеше қырларымен танылған:   
– əлеуметтік мағынада – бұл аға буын жинақтаған тəжірибені жас 
ұрпақ  өкілдеріне  өткізу.  Тəжірибе  дегеніміз – адамзаттың  өз  тарихи 
даму  барысында  жасаған  рухани  мұрасы,  дəлірек  айтсақ : адамдарға 
белгілі  болған  білімдер,  ептіліктер,  ойлау  тəсілдері,  құқықтық, 
адамгершілік жəне т.б. нормалар. 
– педагогикалық мағынада – бұл тəрбиеленушіге ықпал жасау үшін 
ұйымдастырылған 
арнайы 
іс-əрекет, 
тұлға 
қалыптастыруға 
бағытталған мақсатты процесс. 
Тəрбие  қоғамдық  талаптарға  сəйкес  болуы  міндетті.  Егер  қоғам 
құқықтық демократиялық мемлекет құрып жатса, ендеше ондағы адам 
тəрбиесі    адамгершілік,  азаматтық    заңдар  мен  қылық-əрекет 
нормалары  рухында  жүріп  жатуы  қажетті.  Жалпы  адамзаттық 
құндылықтар  қалыптастырудың  маңыздылығын  ескерумен  бірге 
əлеуметтік  ортаның  кездейсоқ  та,  мақсатты  бағытта  да  əсер,  ықпал 
жасайтынын естен шығармаған жөн. 
Қазіргі  заман  тəрбиесі  гуманистік  негізде  болып,  тұлғаның 
əлеуметтік-мəдени  (өмір  жəне  əрекет-қылық  кейпін  таңдау  жəне  іске 
асыру),  даралықты  (тұлғаның  өзіндік  қалыптасуы),  жауапкерлікті 
қатынас  (құндылықтар  таңдау)  бағыттарында  дамуына  орайласады. 
Мұндай  тəрбие  технологиялық  икемшілдігіменен  (адамның  қабылдау 
жəне  психологиялық  даму  заңдылықтарына  сай  орындалады),  көңіл-
күйге  сəйкестігімен  (көңіл-күй  тəжірибесін  қалыптастырады), 
сұхбаттастығымен  (екінші  біреуге  ұсыну  үшін  емес,  өз  меншікті 


тəжірибесін  құрастыру  үшін),  жағдайға  орай  орындалуымен  (негізгі 
құралы – тəрбиелік  жағдай),  болашаққа  бағытталуымен  (дамудағы 
тұлғаға арналады) ерекшеленеді. 
Сонымен,  тəрбие – бұл  жалпы,  ортақ  міндеттерді  іске  асыру 
барысында  мұғалім  мен  оқушының  ықпалдасты  əрекеттерін 
қамтамасыз  етуші  арнайы  ұйымдастырылған  тəрбиелік  жүйе 
жағдайында  мақсаты  тұлға  қалыптастыру  болған  əлеуметтік 
процесс. 
Берілген анықтаманың мазмұндық құрылымына зер салайық: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет