болуынан бір сабақта қабылданған ақпарат келесіге дейін көбіне
ұмытылады.
Пəндердің тұрақты ауысып баруынан оқушы олардың бірде-біріне
тереңдеп ене алмайды. Бір пəннен екіншісіне өтуде бала қиыншылық
көреді, көп уақыт сарп етеді, ендігі сабақ өткендегіні көлеңкелейді,
сонымен əр өткен сабақ өз құндылықтарын жойып барады. Əр дəріс
оқушы үшін – жаңа жүктеме, мұғалімдердің жаңа талаптары, жаңа
мазмұнды материал, жаңа көңіл-күй ықпалдары, т.с.с. осылардың
баршасына сəйкес бала икемделіп, оқу іс-əрекеттерін орындауы шарт.
Ал бұл енді қалыптасып жатқан жас буынға оңай шаруа емес.
Шомдыру оқуында сабақтар топқа (блокқа) келтіріледі, бір күнге не
аптаға межеленіп, қатар өтілетін пəндер саны кемітіледі. Мұндай
технология оқу- оқыту процесін адам қабылдауының табиғи
психологиялық ерекшеліктеріне жақындастыра түседі. Сабақта
игерілген материалды ұмытудың алдын алу үшін оны бекіту
жұмыстары сол күні жүргізілуі тиіс, яғни қандай да уақыт
аралығында оқушы басқаларына алаңдамай, тек сол пəнмен ғана
шұғылданып, толық шомуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: