Бабаев С. Б., Оңалбек Ж. К


Модульді  оқу  технологиясы



Pdf көрінісі
бет149/244
Дата02.01.2022
өлшемі1.76 Mb.
#452896
түріОқулық
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   244
Жалпы педагогика 2005

Модульді  оқу  технологиясы  АҚШ  пен  Батыс  Еуропада 1960 
жылдары дəстүрлі оқуға балама ретінде ұсынылған білім игеру жүйесі. 
Бұл  технологияның  мəні - оқушы  модульмен  жұмыс  орындау 
барысындағы  нақты  мақсатқа  өз  бетінше  (не  белгілі  шамада  мұғалім 
жəрдемімен)  жетеді  (П.Юцявичене,  Т.И.Шамова).  Модуль – мақсатқа 
орайластырылған  оқу  мазмұны  мен  оны  меңгеру  жолдарын 
(технологиясын) біріктірген түйін, топ (узел). 
Модуль  құрамы:  əрекеттің  мақсаттық  жоспары,  ақпарат  қоры, 
дидактикалық мақсатқа жетудің əдістемелік көрсетпелері. 
Бұл  технологияға  орай  оқу  мазмұны  өз  алдына  белгілі  жинақы 
құрамға келтірілген ақпараттық топ (блок) күйінде беріледі. Ол ақпарат 
оқу  мазмұнының  көлемін  ғана  емес,  əдістері  мен  олардың  игерілу 
деңгейін де көрсететін дидактикалық мақсатқа сəйкес меңгеріледі. 
Модульдік  оқуда  өзіндік  жұмыстарға  аса  көп  уақыт  бөлінеді.  Бұл 
оқушыға  оқу  əрекеттеріне  кірісумен  өз  мүмкіндіктерін  сезінуге,  білім 
игеру  деңгейін  өзі  анықтауына,  өз  білімдері  мен  ептіліктеріндегі 
кемшіліктерді байқауына жəрдемдеседі. 
Модульдік  оқу  дəстүрлі  білім  игеру  жүйесімен  байланыста 
пайдаланылуы 
мүмкін. 
Модульдер 
оқу 
жүйесінің 
қалаған 
ұйымдастырылу  формасында  орын  тауып,  оның  сапасын  жақсартуға 
жəне тиімділігін арттыруға қолданылуы ықтимал. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет