мақсатында тұлға санасына, сезіміне, еркіне үздіксіз ықпал жасау
шараларын қолдану жəне т.б.
Қайта тəрбие процесінің тиімділігін қамтамасыз етуші маңызды
жағдай – «қиын баланы» тəрбиеші талаптарына құлақ асуға үйрету.
Сондықтан тəрбиеші тəрбиеленушімен дұрыс қарым-қатынас
қалыптастырудың жолдарын іздестіріп, екі арадағы алакөздікті, дау-
дамай себептерін басуға əрекеттенуі тиіс. Өз басы əлекке толы балаға
ұжымды қарсы қойып, оған ықпал жасауға тіпті болмайды. Əр тұлға
үшін күресу қажет. Тəрбиеленуші мұғалім не педагогтың оның өзіне
қарсы əрекеттеніп жатпағанын, ол оның бойындағы теріс мінез
бітістеріне қарсы күресетінін сезінуі тиіс.
Қайта тəрбиелеу үшін дəстүрлі əдістермен қатар «адамның барша
ниеттерін түпкілікті өзгеріске келтіріп, бүкіл ұмтылыстарына бұрылыс
беретін»(А.С.Макаренко) –
жарылыс əдісін («метод взрыва»)де
қолдануға болады. Бұл əдіс тəрбиеленушіге өз теріс қылықтарының
бұдан былай жарамсыз болатынын терең сезінуге, өз мінез- құлқы мен
қоршаған ортаға деген қатынасын өзгертуге, жаңаша өмір сүру
қажеттігін түсінуге жəрдем береді.
Қайта тəрбиелеу барысындағы аса маңызды қадам-тұлғаны өзіндік
тəрбие процесіне (өзіндік қайта тəрбиелеу жəне өзіндік реттеу, түзету)
қосу.
Достарыңызбен бөлісу: