13-дəрісбаян. Тəрбиенің жалпы заңдылықтары мен
принциптері
Жоспары:
1 Тəрбиенің жалпы заңдылықтары
2. Тəрбие принциптері
13.1 Тəрбиенің жалпы заңдылықтары
Жалпы заңдылықтардың ықпал аймағы тəрбие процесінің барша
жүйесіне əсер етеді əрі оның аса маңызды бірліктері арасындағы
байланыстарды танытады. Бірақ тəрбие процесі, біз білетіндей,
педагогикалық процестің құрамды бөлігі болуымен осы процесс
заңдылықтарына тəуелді келуі табиғи құбылыс. Бұл процесте даму
жəне қалыптасу заңдылықтары əрекетке түседі. Бұдан шығатын
қорытынды - тəрбие процесі аса күрделі де көп түрлі сипатқа ие.
Тəрбие практикасы үшін өте қажет нəрсе: тəрбие процесінің тиімділігі
(өнімділігі) мен тəрбие сапасын анықтайтын оның сипаттары жəне
шарт –жағдайлары арасындағы байланыстардың қалай түзілетінін
түбегейлі білу.
Тəрбие тиімділігі келесі жағдаяттарға
тəуелді:-қалыптасқан
тəрбиелік қарым-қатынастарға; балаға деген ықпал оның қоршаған
ортаға, тəрбиешіге, тəрбиелік əсерлерге қатынасына орай жасалады.
Егер бұл қатынастар ұнамды болса, проблема тумайды. Ал егер бұл
қатынас керағар сипатта болса, тəрбие процесі тежеледі, одан келетін
нəтиже болымсыз сипат алады. Сондықтан келеңсіз қатынасты
əрекеттер алдымен жойылып, көзделген мақсатқа қарай қадам аттау
орынды. Бастаудан тəрбиеші көзқарастары мен талаптарын оңды
қабылдаған тəрбиеленуші оларға икемдесіп үйренеді əрі сенеді,
орынды талап кейпінде қабылдайды. Ал егер тəрбиеленуші өз
тəрбиешісінің талаптарын дұрыс деп таппай, одан күмəнданса,
процесс бағытының қай арнаға түсіп, дамитыны белгісіз.
Гуманистік тəрбие өсиеті: жақсы тəрбиелегіңіз келсе, баланы
бауырмалдықпен өзіңізге жақындатасыз.
-
мақсат жəне оған жетуге бағытталған іс-əрекеттер
Достарыңызбен бөлісу: