Бабаев С. Б., Оңалбек Ж. К


қызметтестік педагогикасының



Pdf көрінісі
бет18/244
Дата02.01.2022
өлшемі1.76 Mb.
#452896
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   244
Жалпы педагогика 2005

қызметтестік педагогикасының туындауынан көрінді. Осы дəуірдегі 
жаңаланған педагогиканы дамытуға ат салысқан педагог ғалымдар мен 
бірегей  шығармашыл  мұғалімдер  көптеп    таныла  бастады.  Олардың  
арасында 
Ш.А.Амонашвили, 
Л.С.Соловейчик, 
В.Ф.Шаталов, 
Н.П.Гузик, Н.Н.Палтышев, В.А. Караковский жəне басқалар болды. 
Бүкіл  елге  белгілі  болған  мəскеулік  бастауыш  мектеп  мұғалімі 
С.Н.Лысынкова  “Қалайша  жеңіл  оқуға  болады?”  атты  кітабын 
жариялап,  онда  бастауыш  мектеп  оқушыларының  оқу  істерін  схема, 
тірек  карточкалар,  таблицалар  пайдалану  арқылы  басқару  тəсілдерін 
көрсетіп 
берді. 
Сонымен 
бірге 
С.Н. 
Лысынкова 
“Ілгерілестірілген (опережающее) оқу” əдістемесін жасады. 
Бүгінгі кезеңдегі педагогика өзінің диалектикалық, өзгермелі ғылым 
сипаттарына сай болуымен қарқынды дамуда. Кейінгі он жылдықтарда 
педагогиканың бірнеше салаларында келелі табыстарға қола жеткізілді, 
əсіресе  мұндай  жетістіктер  мектептегі  оқудың  жаңа  технологияларын 
жасауда көрініс берді. 
Сапалы  оқу  бағдарламаларымен  жабдықталған  қазіргі  заман 
компьютерлері  оқу  процесін  басқаруда  үлкен  жəрдемін  тигізуде. 
Соның нəтижесінде оқу барысында аз қуат пен уақыт жұмсап, жоғары 
нəтижелерге жету мүмкіндіктері пайда болды. 
Тəрбиенің  жетілген  əдістемелерін  жасау  бағытында  да  пайдалы 
өзгерістер  көптеп  болуда.  Ғылыми  -өндірістік  комплекстер,  авторлық 
мектептер,  эксперименталды  оқу-тəрбие  алаңдары - ұнамды  өзгеріс-тер 
жолындағы елеулі көзге түскен педагогикалық жаңалықтар. Еліміздегі 
жаңа жəне жаңаланған мектеп оқуы мен тəрбиесі басты назарда тұлға 
дамуын көзге алып, гуманистік бағытта өрлеп, өрістеуде. 
Сонымен, тəрбие тəжірибесі адамзат өркениетінің тереңдегі тарихи 
сатыларынан  бастау  алады.Тəрбие  жөніндегі  ғылым  негіздері  ежелгі, 
көне  дəуір  философиясының  арнасында  дамыған.  Тəрбие,  оқу,  білім 
берудің  тиімді  теориялары  мен  əдістемелері  пайда  болғанша, 
педагогика дамудың ұзақ та қайшылықты жолын басып өтті. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет