тұлға беделінің орнын баса алмайды» -деген К.Д.Ушинский бүкіл
педагогиканы қайта қарастырып, жаңа ғылыми деректер негізінде білім
беру жүйесін толығымен түбегейлі қайта құруды талап етті:
«…теориядан алшақтаған педагогикалық практиканың бір өзі –
медицинадағы тəуіпшілдікпен тең».
XIX ғ. ақыры - XXғ. басында педагогикалық проблемалар АҚШ-та
қарқынды зерттеле бастады. Ол жерде адам тəрбиелеудің жалпы
принциптері мен заңдылықтары өрнектелді, əрбір адамға белгілеген
мақсаттарына тез, əрі табысты жетуге мүмкіндік беретін тиімді білім
технологиялары
қалыптасып,
практикаға
енді.
Американ
педагогикасының белгілі өкілдерінің бірі
Джон Дьюи (1859-1952). Оның зерттеу
жұмыстары бүкіл батыс Еуропа, Америка жəне Австралия аймақтарында
педагогикалық ойдың дамуына үлкен ықпал жасады.
Американ
педагогтарының тағы бір көрнекті тұлғасы
Эдвард Торндайк (1874-
1949) оқу процесін зерттеумен атын əйгілеп, əрекетшіл тəрбие
технологиясын бүкіл əлемге жария етті.
Елімізде аты танымал американ педагогы жəне дəрігері
Бенджамен Спок. Ол қауым өкілдеріне, бір қарағанға
қарапайым ғана тəрбиеде басты не болу керек: қаталдық па
қайырымдылық па? –деген сұрақ қойып, көпшіліктің санасына жаңа
тəрбие лебін жеткізді. Бұл сұрақтардың астарынан күтілген жауап-
педагогика қай бағытта: əміршіл-əкімшіл немесе гуманистік –
жолымен дамуы қажет пе? Бұған нақты жауапты Б.Спок өзінің “Бала
жəне оған қамқорлық”, “Анамен сұқбат” жəне т.б. еңбектерінде беруге
тырысқан.
XX ғасырдың басында əлемдік педагогикада
еркін тəрбие жəне
Достарыңызбен бөлісу: