қажеттікке жарату жөніндегі біртұтас түсініктерді меңгертуге
бағытталады.
Экономикалық тəрбиенің негізгі мақсаты- нарықтық заман
аймағында бағыт-бағдар алып жүруге қабілетті əрі өз іс-əрекеті мен
қызметін экономикалық тұрғыдан үнемді де тиімді іске асыра білетін
тұлға қалыптастыру.
Бұл мақсаттың жүзеге келуі ұланғайыр міндеттер кешенін шеше
білуге байланысты. Атап айтсақ, олар:
- тəрбиеленушілерде экономикалық білімдер мен экономикалық іс-
əрекеттерге деген қажетсіну сезімін қалыптастыру;
- негізгі экономикалық ұғымдарды, категорияларды , заңдар мен
процестерді меңгеру;
- табыскерлікті , жауапкершілікті, өзіндік дербестікті дамыту;
- табыскерлік іс-əрекетке қажет дағдыларды игеру;
- мүмкін болар қиыншылықтарға психологиялық дайындық
қалыптастыру.
Экономикалық тəрбие мазмұны тəрбиеленушілердің экономикалық
білімдерді меңгеруі үшін қажет əрқилы құрал-жабдықтарды
пайдалануына, экономика бастауларын оқу барысында , сондай-ақ
сабақтан тыс (бизнес –клуб, менеджерлер клубы, маркетинг-клуб жəне
т.б.) үйренуіне; кəсіби оқуына жол ашады. Экономикалық тəрбие
формалары мен əдістері оқушылардың экономикалық білімдерді
қажетсінуінен өз бетінше игеру жəне оларды қалыптан тыс
жағдайларда пайдалана білу ептіліктерін орнықтыруға бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: