Тəрбие жұмысының формасы
ұжымдық шығармашылық түрінде
болуы мүмкін. Мұндай ұжымдық шығармашылық қызметтер
барысында тəрбиеленушілер ересектермен бірлікте жəне олардың
басшылығында жаңа тəжірибелер жасайды, бұрын игерген білім,
ептіліктерін қолданады, жаңа ғылыми ақпараттар топтайды.
Ұжымдық
шығармашылық
жұмыстар
əдістемесі
негізін
қызметтестік, ұжым мүшелерінің бірлікті істері, көппен бірге
жоспарлау, жұмысты өткізу жəне бағалау, өмірлік маңызды міндеттер
шешімін табудың ұтымды жолдарын іздестіру құрайды.
Ұжымдық шығармашыл жұмыстарды дайындау жəне өткізу
бірнеше кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең – уақытша ынталы топ құрылады. Ол алдағы
жұмыстарды жоспарлайды.
Екінші кезең – басқарушы топ алдағы жұмыстардың бағыттарын
белгілейді, қатысушылар өз ұсыныстарын береді, ұсыныстар
талданады, ниетке алынған істердің жалпы бағдарламасы пайда
болады.
Үшінші кезең – ойға алынған істердің орындалуына қажет
дайындық жұмыстарының , құрал-жабдықтардың, материалдардың
тізімі жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: