араласа отырып, тəрбиеленуші өзінің тұлғалық деңгейін көтереді.
Жетінші кезеңде - өз əрекеттері мен ептіліктерін сын көзбен
саралаумен өзіндік бағалауға үйренеді.
Ұжымдық
шығармашыл
іс-əрекеттерді
ұйымдастырушының
төмендегі технологиялық ұстанымдарды ескергені жөн:
-
ұжым мүшелерінің саны 7-9-дан 25-30 адамға дейін болуы
мүмкін. Қатысушылар саны шектен тыс көбейіп кетсе, іс тиімділігі
күрт төмендейді;
-
ұжымдық шығармашыл жұмысқа қатысушылардың жеке
тұлғалық даму мақсаты басты назарға алынуы шарт;
-
шығармашыл мəселе, міндеттер тəрбиеленушілердің өздері
тарапынан анықталып, белгіленгені дұрыс;
-
əрбір тəрбиеленушіге өз қызығулары мен тілектеріне сəйкес
жұмыс түрлерін таңдау мүмкіндігі беріледі.
Жоғарыда баяндалған технология форма тұрғысынан əрқилы
тəрбиелік шараларды өткізуде пайдаланылуы мүмкін (əртүрлі
тақырыптағы сынып сағаттары; конференциялар; поэзия, əн-күй, би;
ауызекі журналдар; конкурстар; əйгілі адамдармен кездесу; құрбы-
құрдастарымен, мектеп түлектерімен дидарласу жəне т.б.).
Соңғы жылдары тəрбиелік жұмыстардың келесідей формалары кең
тарап, мектеп тəжірибесіне енуде:
Достарыңызбен бөлісу: