Төртінші деңгей- сыныптық жəне жалпы мектептік өзіндік
басқару қызметтері тапсырылған оқушылар. Бұл деңгейдің назарға
алынуы мұғалімдер мен оқушылар арасындағы қатынастың «субъект-
субъектті» сипатын баса танытады. Мұндай қатынаста оқушы өзара
ықпал нысаны болумен бірге өз дамуының қозғаушы күші – субъект
ролін де атқарады.
Сатысына қарай əрбір басқару субъекті бір уақытта жоғары
деңгейлі басқарудың объекті – нысаны болып есептеледі.
Басқарымды жүйеде оқушылар ұжымы маңызды орынға ие. Бұл
ұжымда басқару екі деңгейде жүргізіледі: біріншісі- жалпы мектептік
жəне сынып ұжымы; екіншісі- оқушылардың қоғамдық ұйымдары,
спорттық бөлімдер, шығармашыл бірлестіктер, үйірмелер, оқу-үйрену
топтары (бригадалары) жəне т.б. Педагогикалық жəне оқушылар
ұжымдарының
өзара
бірлестік
іс-əрекеттері
Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» Заңы мен жалпы білім
беруші мекемелер Жарғысы негізінде реттеліп барады.
Достарыңызбен бөлісу: |