Білім мекемелерінің құқықтық мəртебесіндегі, басқару нысандары
жағдайы мен міндеттеріндегі күрделі өзгерістер басқару қызметтерінің
жаңа түрлерін пайда етті:
-
мектептің жан-жақты іс-шаралар жүргізуге байланысты
құқықтық аясы мен оған қатысты басқару нысандары шеңберінің
кеңеюі;
-
бұл процестің басқарушылық санада орын тебуі;
-
басқарылушы нысан мəн-бейнесінің молаюы;
-
жаңа біртұтас басқару нысандарының (мектептердің жаңа
типтері, түрлері,жобалары) немесе олардағы жаңа элементтер, қырлар,
байланыстар мен қатынастардың туындауы не туындау қажеттігі;
-
əлеуметтік тапсырыс жəне жаңа табысты қор келтіру көзі –
мектеппен байланысты сырттай ортаның көзге түсер сапалық
өзгерістерге келуі;
-
стратегиялық жəне ұзақ мерзімді жоспарлауға өту;
-
нысанда жаңа процестер мен іс-əрекет түрлерінің (зерттеу жəне
қолданым түріне келтіру, эксперимент, сын баға беру) пайда болуы,
-
басқарудың жаңа түрлерін игеру.
Басқару қызметтерінің арасында инновациялық процестерді
басқару жəне оларды бұдан былай дамыту мақсатындағы арнайы
қызметтер салаларының (сапа менеджменті, білім маркетингі, мектеп
психодиагностикасы жəне т.б.) пайда болуы – бүгінгі оқу-тəрбие
орындарындағы жаңа құбылыстар. Мектептер өзін қоршаған ортаны
жəне ол ортаның болашақ өзгерістер бағытында талдау жұмыстарын
жүргізе бастады. Мектеп өзінің бəсекелестік заман жағдайына
дайындығын ойластырып, одан жеңіп шығу жолдарын іздестіретіндей
санаға жетуде. Бұл орайда білім ордасы өзінің барша тіршілігінің
нəтижесін тек оқу –тəрбие процесін ұйымдастырудағы табыстарымен
ғана байланыстыруы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: