Бабаев С. Б., Оңалбек Ж. К



Pdf көрінісі
бет23/244
Дата02.01.2022
өлшемі1.76 Mb.
#452896
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   244
Жалпы педагогика 2005

-  ықпал  таныту  (рефлексивтік)жəне  реттеу-түзетулер  енгізу 
(коррекциялық)-  ғылыми  зерттеу  нəтижелерінің  оқу-тəрбие 
ісіне  болған  əсер-ықпалын  бағалау  жəне  одан  соңғы  ғылыми 
теория  мен  тəжірибелік  іс-əрекеттер  байланысына  қажет 
болып қалатын реттеу-түзетулерді іске асыру.   
 
 
 
Өзінің  қоғамдық  қызметтерді  орындауға  қажет  қабілеттерінің 
дамуына  себепші  болған  əлеуметтену  процесінде  адам  тұлғалық 
кемелдену  сатысына  көтеріледі.  Адамның  əлеуметтенуі  оның 
қоғамдағы  ауыспалы  жағдайлар  мен  шарттарға  икемдесе  білуі  ғана 
емес,  ол  өз  ішіне  жеке  тұлғаның  дамуы,  өзіндік  танымы  мен  өз 
мүмкіндіктерін  өз  күшімен  іске  асыра  алу  сияқты  процестерді  де 
қамтиды.  Дегенмен,  аталған    процестерге  байланысты  міндеттердің 
шешімі  бірде  мүдделі,  жүйеленген  болып,  бүкіл  қоғам,  сол  үшін 
арнайы  ұйымдастырылған  мекемелердің  қолдауымен  жəне  жеке 
адамның  ынта-ықыласына  негізделсе,  кейде  кездейсоқ  келеді.  Ал  осы 
əлеуметтенуге  орай  жүргізілетін,  нақты  мақсатқа  бағыттала 
ұйымдастырылған  басқару  процесі  білім  (образование)  деп  аталады. 
Білім    мəні – əр  адамның  өте  күрделі  өзіндік  басқару  жүйесінің 
тиімділігін  көтеру  жəне  оны  жоғары  моральдық  жəне  азаматтық 
мұраттар рухында тəрбиелеу. 
 Сонымен,  əлемде  кең  таралған  педагогикалық  ойдың  дамыған  екі 
бағыты  танылған – үлкендердің  бедел – абыройына  жəне  балалардың 
бағыныштылығына  негізделген  əкімшіл  (авторитарлы)  ағым,  шəкірт 


құқығы  мен  еркіндігін  құрметтеуші – гуманистік  ағым.  Олардың 
арасында –сан қилы педагогикалық бағыттар өрбіген. Əлемнің ізгілікті 
педагогикасы өзінің гуманистік таңдауын қабылдады.            
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет