-
болжау (прогноздау) – барша педагогикалық жағдаяттарды табиғи
тұтастық күйінде эксперименталды зерттеуден өткізу жəне оның
негізінде сол педагогикалық болмыстың жаңаланған моделін
құрастыру.
Теориялық қызметтің болжау, болжастыру деңгейі педагогикалық
құбылыстардың мəнін ашу, педагогикалық процестің түп-төркінінде
орын алатын құбылыстарды таба білу, сонымен бірге болып қалуы
мүмкін ықтималды өзгерістерге ғылыми негіздеме бере алу сынды іс-
əрекеттермен байланысты. Осы деңгейде анықталған деректерге орай
оқу жəне тəрбие теориясы анықталып, білім беру практикасына
жетекші рол атқарушы озық педагогикалық жүйе моделі құрылады.
Педагогиканың
технологиялық қызметтері де үш көрініс береді:
- жобалау (проекттеу) – педагогикалық іс-əрекет пен оның мазмұны əрі сипатын
қалыптастыру жəне реттеуге нұсқау болғандай теориялық тұжырымдар мен
анықтамаларды қамтыған қажетті əдістемелік материалдарды (оқу
жоспары, бағдарлама, оқулықтар мен оқу құралдары, педагогикалық
ұсыныстар) жасауға байланысты;
- жаңалау – тəрбие жəне білім беру тəжірибесін жетілдіру мен қайта
түзу мақсатына орай педагогика ғылымының замандық жетістіктерін мектеп өміріне
енгізе, пайдалану;
Достарыңызбен бөлісу: