21.2. Педагогикалық сараптау міндеттері
Елде қабылданған мұғалімдердің кəсіби дайындығын жетілдіру
жүйесі – сараптау (аттестация) – педагогтар мен мектеп
басшыларының біліктілігін көтерудің аса маңызды да тиімді құралы
есептеледі. Сараптау мақсаты- кəсібилік деңгейді көтеруге
ынталандыру, оқу-тəрбие процесінің сапасын арттыру, шығармашыл
ынта дамыту, сонымен бірге нарықтық экономикалық қатынастар
жағдайында
жекеленген
еңбек
жалақысын
беру
жолымен
педагогтардың əлеуметтік қорғанысын қамтамасыз ету. Бұл орайда
мұғалім жұмысының сапасы мен оның еңбек ақысы арасындағы
сəйкестікті ұстану көзделген.
Кəсібилік деңгейіне сəйкес педагогтың біліктілік категориясын
тағайындау да осы сараптау қызметінің нəтижесі.
Достарыңызбен бөлісу: |