Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Білім саласындағы «инновациялық процестер» деген не?
2. Мектепішілік басқарудағы көзге түскендей жаңалықтар қандай?
3. Жаңашылдық іс-əрекеттерге байланысты мектеп дамуының
негізгі бағыттарын атаңыз.
4. Осы заман мектебіндегі инновациялық процестерге сипаттама
беріңіз.
5. Мектепке жаңалық ендіруде басты назарға алынатын не?
21-дəрісбаян. Біліктілік көтеру жəне мектеп
қызметкерлерін сараптау(аттестациялау)
Жоспары
1. Педагогтар біліктілігін көтеру
2. Педагогикалық сараптау міндеттері
3. Педагогикалық сараптау технологиясы
21.1. Педагогтар біліктілігін көтеру
Мұғалімдер, тəрбиешілер, мектеп жетекшілерінің біліктілігін
(квалификация) көтеруге басшылық – білім саласындағы басқару
қызметі бағыттарының маңызды да мəнділерінің бірі. Бұл қызмет
төмендегідей аса маңызды əрі қажетті бірліктерден құралады:
- мұғалімдер жəне тəрбиешілердің оқушылармен жүргізетін оқу-
тəрбие жұмыстарының формалары мен əдістерін пайдалану жəне
қолдану шеберлігін жетілдіру, үздіксіз күрделене дамудағы
білім мазмұнын меңгеруін қамтамасыз ету;
- мектептегі оқу-тəрбие процесінің мүмкіндігінше жоғары деңгейде
жабдықталуы мен барша деңгейдегі жаңашыл-жасампаз іс-
əрекеттердің орындалуына жағдай жасау;
- мектептің даму бағытын айқындауға байланысты педагогикалық
ұжым қызметіне дем беріп, оны жетілдіру;
Кəсіби қызметінің барысында барша мамандар өз педагогикалық
шеберлігін арнайы курстарда, семинарларда, біліктілік көтеру
мекемелерінде жетілдіріп баруы міндетті. Бұл мақсатта келесідей іс-
шаралар ұйымдастырылуы мүмкін:
- негізгі жұмыс орнында үзіліссіз өткізілетін қысқа мерзімді
тақырыптық оқулар (соңғы емтихан, сынақ не нақты кəсіби қызмет
мəселесіне орай реферат қорғаумен бітеді);
- сала, ұйым, мекеме деңгейінде жүргізілетін тақырыптық не
проблемді орташа мерзімді семинарлар (жұмыстан үзіліссіз);
- мамандардың кəсіби қызмет бағытында біліктілік көтеру
мекемесінде ұзақ мерзімді оқуы.
Жаңа бағдарламалар бойынша қосымша білім жəне ептіліктер игеру
жəне кəсіби қызметке орай жаңа мазмұн мен соны технологияларды
меңгеру үшін кəсіби қайта дайындық (екінші мамандық алу) оқулары
ұйымдастырылады.
Қайта дайындық нəтижелері бойынша кəсіби іс-əрекеттің белгілі
саласында жұмыс алып бару құқығына кепіл мемлекеттік үлгідегі
диплом беріледі.
|