Бабаев С. Б., Оңалбек Ж. К


Диалектикалық  материализм



Pdf көрінісі
бет38/244
Дата02.01.2022
өлшемі1.76 Mb.
#452896
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   244
Жалпы педагогика 2005

Диалектикалық  материализм  табиғат,  қоғам  жəне  ойлау 
процестерінің  жалпы  қозғалыс  жəне  даму  заңдылықтары  жөніндегі 
философиялық  білім  ретінде XIXғ. 40-жылдарында  туындады.  Ол  
XXғ.,  əсіресе  социализм  елдерінде  кең  өріс  тапты.  Бұл  бағыттың 
көрнекті өкілдері – К.Маркс жəне Ф.Энгельс қоғам тарихын танудың 
құралы  материализмді  жариялай  отырып,  теориялық  таным  үшін 
қоғамдық тəжірибенің рөлін негіздеді, материализм мен диалектиканы 
табиғи ұштастыққа келтірді. 
Диалектикалық  материализмнің  негізгі  тұжырымдары  келесідей: 
материя – бірінші,  ал  сана – одан  туындаушы,  материяның  (адам 
миының)  дамуы  нəтижесінде  пайда  болатын  өнім  (материалистік 
монизм  принципі);  объектив  дүние  мен  сана  құбылыстары  себепті  шарттасқан, 
өзара байланысты жəне тəуелді (детерминизм принципі); барша заттар 
мен  құбылыстар  қозғалыс  жағдайында  болып,  дамиды  жəне  өзгеріске 
келеді. 
Диалектикалық  материализм  философиясында  аса  маңызды  орын 
диалектика заңдарына берілген: сандық өзгерістердің сапалық ауысуы, 
қарама-қарсылық бірлігі мен күресі, жоқты жоққа шығару. 
Диалектикалық  материализм  педагогикасының  негізгі  идеялық 
ұстанымы-  тұлға  қоғамдық  қатынастардың  объекті  де,  субъекті  де. 
Адамның  тұлғалық  дамуы  мен  кемелденуі  сыртқы  жағдайлармен 
себепті  тəуелділікте  (детерминирован),  сонымен  бірге  сол  нақты 
адамның  табиғи  болмысына  байланысты.  Тұлға  дамуында  жетекшілік 
рөл – тəжірибеде.  Ал  тəрбие  тарихи  жəне  таптық  сипатқа  ие  болған 
күрделі  əлеуметтік  процесс.  Тұлға  жəне  адам  іс-əрекеті  ажырамас 
тұтастық  құрайды,  яғни  тұлға  іс-əрекетте,  еңбекте  көрінеді  жəне 
қалыптасады. 
Жаңаланған  дəуір  педагогикасы  философиялық  деңгейлі  əрқилы 
əдіснаманы өз ғылыми зерттеулерінің бас қаруы ретінде міндетті түрде 
қолданып, пайдалануы қажет. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет