Сұхбат əдісі - қажетті ақпаратты алу немесе бақылау барысында
түсініксіздеу болған құбылыстың мəнін аша түсу мақсатымен дербес
не қосымша қолданылатын зерттеу тəсілі. Сұхбат айқындалуы тиіс
нақты сұрақтар бойынша күні ілгері түзілген жоспармен орындалады.
Əңгімелесу еркін жүргізіліп, сұхбаттас кісінің жауаптары хатталмайды.
Сұхбаттасудың екінші бір түрі педагогикаға əлеуметтану саласынан
енген – интервью алу. Бұл əдісте сұрақтар алдын ала түзіліп,
бірізділікпен қойылып барады. Интервью жауаптары анық жазылып,
хатталады.