4-дəрісбаян. Білім мəні мен маңызы
Жоспары
1. Білім – жалпыадамзаттық құбылыс
2. Білім - əлеуметтік қажеттілік
3. Білімнің жүйелілігі
4. Білім-педагогикалық процесс
5. Қазіргі заман білім жүйесін реформалаудың негізгі бағыттары
4.1. Білім – жалпыадамзаттық құбылыс
Қаншалықты кең тараса да, бір қарағанға тұрақты болып
көрінгенімен, «білім» түсінігі көп мəнділігімен ерекшеленеді. Əдетте,
бұл термин мазмұны жағынан келесідей түсініктемелерге ие болуы
мүмкін: білім - жалпыадамзаттық құбылыс; білім - əлеуметтік мəдени
мұра; білім – жүйе; білім – педагогикалық процесс; білім – нəтиже.
Категориялық тұрғыдан білім
жалпыадамзаттық құндылық
ретінде танылады.
XX- ғасырдың 60-жылдарынан
адам, мораль,
гуманизмге, жалпы субъектив жағдаяттар (фактор) проблемасына
қызығушылық артудан, бұл категория философиялық деңгейде
қарастырыла бастады. Құндылықтар табиғатын, олардың құндылықты
дүние болмысы мен оның құрамындағы орнын
аксиология ғылымы
зерттейді.
«Құндылық» термині қоғамдық мұраттар қамтыған, сонысымен де
міндеттілік өлшемі (эталон) ретінде танылған нысандар мен құбылыстарды,
олардың қасиеттерін, сонымен бірге бейнақты идеяларды белгілеу, əрі
сипаттау үшін қолданылады. Құндылықтар заттасқан жəне субъектив
болып ажыралады. Сан қилы адамзат қызметінің, қоғамдық
қатынастардың өнімі жəне олардың аймағына қосылған табиғат
құбылыстары
заттасқан құндылықтар сапына кіреді. Ал
субъектив
құндылықтар – бұлар бағалау –баға негізіне алынған өлшем-шектері
(критерий), өрнек үлгілер, əлеуметтік стандарттар. Бұлардың бəрі
идеялар, принциптер, мұраттар, іс-əрекет мақсаттары ретінде қоғамдық
санада бекіп, ол сананың бағыт-бағдарын айқындап отырады.
Құндылық ретінде əлеуметтік ілгерілеумен (прогресс) байланысты
ұнамды мəн-мағыналы оқиғалар мен құбылыстар ғана танылады.
Əрқандай тарихи нақты қоғамдық формация əлеуметтік реттілікті
қамтамасыз етуші, өзіне ғана тəн құндылықтар жиынтығына ие. Сол
құндылықтарды танып меңгеру негізінде тұлға қалыптасады, қоғамда
қабылданған тəртіптер жүйесі қолдау табады.
Адамзат дамуының əрқилы кезеңдерінде де өзгеріске түспей,
тұрақты қалпында сақталатын құндылықтар болады. Мұндай
құндылықтар: өмір, бейбітшілік, еңбек, денсаулық, махаббат, əсемдік,
шығармашылық жəне т.б. – адамзат қауымының гуманистік бастауы
болған бұл категориялар мəңгілік, ешбір төңкеріс не идеология, саясат
оларды жоюы мүмкін емес. Əр тарих кезеңде олар мəні қайта
қарастырылып, жаңа көзқараспен басқаша бағалануы ықтимал.
Жалпы құндылықтар арасында
педагогикалық құндылықтар өз
алдына дербес топ құрайды. Олардың мəні тəрбиелеу жəне білім беру
қызметінің ерекшелігі, оның əлеуметтік ролі жəне жасампаздық
мүмкіншіліктерімен анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: