2. Оқу əдістерін білім көзі бойынша топтастыру.
Тəжірибеде негізгі үш білім көзі нақты танылған: сөз, көрнекілік,
іс-əрекеттік (практика). Осыған орай ажырататынымыз: сөздік əдістер
(білім көзі ретінде ауызша не жазба сөз қызмет етеді); көрнекі əдістер
(білім көзі- бақылауға түскен заттар, құбылыстар, көрнекі құралдар)
жəне іс-əрекеттік əдістер (білім жəне ептіліктер ойын, оқу, қарапайым
еңбектік істер процесінде қалыптасады).
Оқу əдістері жүйесінде басты орын сөздік əдістерге беріледі. Олар-
əңгімелеу, түсіндіру, сұхбат, сөз-жарыс, пікір-талас, дəрісбаян
(лекция), кітаппен жұмыс.
Əңгімелеу – оқу материалын тыңдарманға сипаттама не баян
формасында монологты, бірізді сөйлеп жеткізу.
Түсіндіру – бұл игеруге қажет обьект, құбылыс, кейбір ұғымдар
заңдылықтары мен мəнді қасиеттерін талқы, талдау, мысал келтіру
жолымен дəлелдеп, оқушы санасына енгізу. Сұхбат – оқудың
диалогтық əдісі: педагог бірізді сұрақтар қоя отырып, оқушыны жаңа
материалды түсіну, ұғу деңгейіне көтереді не ұсынылған
материалдың қаншалықты меңгерілгенін тексереді.
Достарыңызбен бөлісу: |