-
пікір беру (рецензирование)- оқылған жөнінде өз ойын білдіруге
арналған қысқаша ауызша не жазба баян.
-
анықтама (справка)
түзу –ізденіс нəтижесінде жинақталған
ақпарат бойынша мəлімет. Анықтамалар түрі - өмірнамалық дерек,
сандық- статистикалық, жағрапиялық, терминологиялық жəне т.б.
-
формальды –қисынды модель жасау - оқылғанды сөз-сүлбе
(схема) күйінде жеткізу;
-
тақырыптық тезаурус құрастыру - тақырып,
бөлім не
түгелдей пəн бойынша тірек ұғымдардың реттелген жиынтық
тізімін жасау;
-
идеялар матрицасын жасау - біртекті заттар,
құбылыстар
жөнінде келтірілген түрлі авторлар еңбектеріндегі салыстырмалы
сипаттамаларда кесте формасына келтіру;
-
пиктографиялық жазба –сөзсіз бейнелеу.
Білім көзіне орай топтастырудың жəне бір реті - бұл
көрнекілік
əдістер. Көрнекі əдістерді пайдалану барысында ақпараттық
материалды игеру оқу процесінде көрнекі құралдар сүлбе (схема),
кесте, сурет,
модельдер,
приборлар, техникалық құралдарды тікелей
қолдануға тəуелді. Бұлардың бəрі оқушының сезім тетіктеріне ықпал
жасауға негізделіп, сөздік жəне практикалық əдістермен бірге
пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: