3.12 тақырып Қан түзу жүйесінің ауруларымен сырқаттанатын науқастарды
тексеру əдістері жəне клиникалық синдромдары
Сұрастыру. Мұрыннан, қызыл иектен, асқазан-ішек жолдарынан, жатырдан қан
кетудің пайда болуы. Тамақта, оң жақ, сол жақ қабырға астында ауырсынудың пайда
болуы, терінің қышынуы. Қызба (дене қызуының көтерілуі).
Қарап тексеру. Тері мен сілемей қабық түсінің өзгеруі. Шеткі лимфа түйіндерінің
үлкеюі. Теріде қанталау, көгеру, петехиялар пайда болуы.
Пальпация. Лимфа түйіндерін пальпация арқылы анықтау, олардың көлемін,
тығыздығын, қозғалғыштығын, айналасындағы тіндермен жабысуы. Бауыр мен
көкбауыр пальпациясы. Диагностикалық мəні.
Перкуссия. Сүйектерде жай соққылағанда ауырсынудың пайда болуы. Бауыр мен
көкбауыр көлемінің үлкейгендігін анықтау.
Қан түзу жүйесін зерттеудің қосымша əдістері.
Қанның жалпы анализі. Қанның морфологиясы. Эритроциттер. Эритроциттер мен
гемоглобиннің көбеюі жəне азаюы. Ретикулоциттер. Эритроциттердің патологиялық
формалары. Лейкоциттер. Қалыпты лейкоцитарлық формула. Лейкоциттердің
патологиялық формасы. Тромбоциттер. Тромбоциттер санының өзгеруі. ЭТЖ-ның
(СОЭ) өсуі.
Сүйек кемігін, лимфа түйіндерін пункциялау, трепанобиопсия туралы жалпы ұғым.
Қан түзу жүйесі патологияларының клиникалық синдромдары (себептері, сим-
птомдары, даму механизмі, диагностика əдістері).
1. Анемиялық синдром;
2. Миелопластиялық синдром;
3. Геморрагиялық синдром;
4. Лимфопролиферация синдромы;
5. Гиперспленизм синдромы.
Достарыңызбен бөлісу: |