Ќараѓанды мемлекеттік медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет28/45
Дата02.01.2022
өлшемі1.88 Mb.
#454097
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   45
Фармация тарихы

Алғашқы дәріхана 
 
Орыс  патшасы  Иван  ІV  (Грозный)  басқару  кезінде  1581  жылы  алғашқы 
дәріхана  Мәскеуде  Кремльдің  палаталарында  Чудов  монастырға  қарсы 
ашылды.  Патшалық  дәріхана  зәулім,  кең  бөлмелерде  орналасты.  Оның 
қоймаларын  сақтық  шара  ретінде  құлыпталынды,  дәрілерді  органолептикалық 
бақылаудан өткізді. Кілті арнайы Дьякте болған. Дәріхана жұмысшысы тек ғана 
Дьякпен бірге орнына баратын болған. Дәрігер рецепт жазады, дәрінің құрамы, 
фармакологиялық  әрбір  ингредиенттердің  әсері  «сказка»  құжатымен  патшаға 
ұсыналады. Медициналық істер басқармасының рұқсатымен рецепт дәріханаға 
түседі.  Дәрінің  құрамы,  оны  жасаған  адамның  тегі  кітапқа  еңгізіледі. 
Дайындалған  дәріні  дәрігер  және  патша  сарайының  маңынан  бір  адам  дәмін 
көретін  болған.  Дәрілік  заттар  дәріхана  қоймасында  банкілерде,  склянкілерде  
сақталған. Соғыстың кезінде жорыққа щыққанда дәрігерлер 3 жәшік, 2 коробка 
алып жүрген, оның ішінде 120 атаудан артық дәрілер болатын.  
1672 жылы екінші дәріхана ашылды. Жұмысы Жарлық кітабы  бойынша 
жүргізілген.  «Бағалық»  кітапта  дәрілердің  бағасы  берілген  (прейскурант).  Осы 
жылдан бастап (зелейный) лавкалар жабылуға бұйрық берілген. 
XVII  ғасыры  Орыс  патшалығында  барлық  медициналық  істермен 
Аптекарлық  бұйрық  басқарған,  ол  мемлекеттік  аппараттың  бір  бөлігін  құрған. 
Аптекарлық  бұйрық  функцияларына  дәріханаларды,  дәрігерлерді  қадағалау 
болған.  Патшалық  дәріханасының  жұмысын  ұйымдастыруы,  дәрілік 
өсімдіктерді  өсіру  мен  жинауы,  басқа  елдерден  дәрі-дәрмектерді  сатып  алу, 
патшаны  және  оның  жанұясын  емдеу,  судмедэкспертиза  жүргізу,  әскерлерді 
дәрілермен қамтамасыз ету жұмыстарын Аптекарлық бұйрық орындаған. 


 
63 
1654 жылы Аптекарлық бұйрық жанынан арнайы емдеу мектебі ашылды. 
Алғашқы  30  оқушы  1654  жылы  «Емдеу,  дәріханалық,  сынық салу,  алхимиктік 
және басқа істер» оқуға  кірісті. Оқытушылар көп тәжірибелі орыс  дәрігерлері, 
шетел  дәрігерлермен  толтырылды.  Аптекарлық  бұйрық  басқарумен  дәрілік 
өсімдіктер  өсіріліп,  жиналды.  Өсімдіктерді  жинауға  тәжірибесі  мол  адамдар 
шақырылды,  олар  штатқа  еңгізілді.  Сонымен  қатар  емдеу  мектеп  оқушылары, 
цирюльниктер дәрілік өсімдіктер жинауға қатысты. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет