Фармацевтикалық өнеркәсіптің пайда болуы мен дамуы
Дәріхана желісіне түсетін дәрілік заттардың бар көздері медициналық
өнеркәсіп болып табылады. Медициналық өнеркәсіпті келесі салаларға бөледі:
химико-фармацевтикалық,
галенді-фармацевтикалық,
сонымен
бірге
дәрумендер, органопрепараттар, антибиотиктер өнеркәсібі бар. Қазіргі уақытта
тек Ресей нарығына 32 шетел елінің 188 фирмасынан жеткізілетін 3500-ға
жуық дәрілік препараттар түседі. Алайда 150-200 жыл бұрын өнеркәсіп
жағдайында азғана дәрілер мөлшері дайындалды. Бұл кәсіпорын дәріхана
базасында пайда болғандықтан, қажетті аппараттары, мамандандырылған
кадрлар
мен
шығарылатын
өнімді
стандарттауға
әдісі
болмады.
Бұл кезеңде әртүрлі европа мемлекеттерінде көптеген ұсақ кәсіпорындар
салынды. 1802 ж. Германияда Ф.К. Ахард әлемдегі алғашқы қызылша қант
зауытын Куверне (Силезия) қаласында салды, аптекарь А. Боме 1770 ж.
Францияда алғашқы нашатырь өндіретін фабриканың негізін салды. Наполеон
соғысы тұсында дефицит болған сиыр сүтін ауыстыру үшін, фармацевт Меж-
Мурье маргарин өндірісін жүзеге асырды. 1816 ж. П.Ж. Пелетье Клиши
қаласында хинин шығаратын өзінің зауытын ұйымдастырды. 1810 ж. Польшада
Ягеллонск университетінің токсикология және фармакология, фармация
профессоры, белгілі краковтық аптекарь Юзеф Савициевский ең алғашқы
фармацевтикалық фабриканы салды. Бастапқыда ол қант пен крахмалды, ал
58
содан соң көптеген мөлшерде аммоний карбонаты мен басқа препараттарды
шығарды. Ю. Савицевский өмірінің соңында осы фабрикадан күкіртқышқылды
хинин шығаруды реттеді.
ХІХ ғ. Германияда химико-фармацевтикалық өндіріс ерекше қарқынды
дамыды. Басқада европа мемлекеттерінде көптеген фабрикалардың негізін
фармацевттер қалады. Аптекарь Е. Мерк (1794-1855) Дармштадттағы белгілі
кәсіпорын "E. Merck"-тің негізін қалаушы болып табылады.
Ол мынадай белгілі мамандардан Эрфурттегі профессор И.Б. Тромсдорф және
Берлиндегі профессор Гермбштедттен білім алып, профессор Ю. Либих дос
болды. 1816 ж. Е. Мерк университетті оқып шығып, білімі туралы диплом
алып, өзінің жеке дәріханасын ашты. Он жыл өткен соң, 1827 ж.
Pharmazeutisch- chemisches-Nowitaten-Cabinett туралы жұмысында өзінің
зертханасында жақында ашылған алкалоидтарды, мысалы, морфин, наркотин,
хинин, цинхонин, эметин, стрихнин, бруцин, пиперин және т.б. алу әдісін
жариялады. Жақын арада Мерк алкалоидтар және басқада препараттар
өндірісін Дармштадттың шетіндегі ерекше цехқа көшірді. Фирма "E. Merck"
әлі де бар, ал олардың кәсіпорыны дәрілік препараттар мен жоғары деңгейде
тазартылған реактивтер шығарады. 1855 ж. негізін қалаушы өмірден озған соң,
Мерктің фабрикасында тек қана 55, ал 1900 ж. - 1000-ға жуық жұмысшы
жұмыс жасады. Бірінші әлемдік соғыстан кейін де, "E. Merck" кәсіпорыны ары
қарай жұмысын жалғастырды және де оның жұмысшыларының саны 4000
адамға жетті.
1851 ж. Эрнст Фредерик Шеринг (1824-1889) Берлинде дәріхананы
игерді. Сонымен бірге, белгілі "E. Schering" фармацевтикалық фабриканың
негізін қалады. 1927 ж. бұл фирма "CAF Kahlbaum Chemische Fabric" деп
аталды, артынан " Schering- Kahlbaum AG"атауын алды. 1929 ж. фабрика
цехында 6700 адам жұмыс жасады.
Дәріхана зертханасынан келесі химико-фармацевтикалық фабрикалар
өсіп шығып, фирмаларға айналды: Ростокта (пепсин, кофеин, бензойлы
қышқыл)"E. Witte", "E. Dietrich"(таңғыш материалдар), сонымен қатар,
салыстырмалы шағын өндірістер, айта кетсек, 1837ж. Эрфурттегі
университеттің атақты профессорының ұлы негізін қалаған "Chemische Fabric
Trommsdorff".
"Bayer" ең танымал фирма. Оны 1834 ж. аптекарь Карл Фредерик
Вильгельм Леверкус негізін қалады. Бұл бастапқыда Вермельширхенде
ультрамаринді бояу шығаратын қарапайым цех болды. 1862 ж. Леверкус
фабриканы қала сыртына ауыстырып, оның атауын өз атымен атап, сонда
ализарин өндірісін ұйымдастырды. 1863 ж. Фредерик Байер технологияны
меңгеріп, иесі қайтыс болар жылы (1890) фабрика бояғыш заттарды шығарумен
59
айналысты. Соңынан әлемдік нарықтағы дәрілік препараттарды жеткізетін
танымал фабрикалардың бірі болды.
Бояғыш заттар технологиясы саласының соңғы жетістіктеріне орай, бұл
зауыттар мынадай дәрілік препараттар, антипирин, антифебрин, фенацетин,
салол, уретан, содан соң кең танымалдыққа ие болған аспирин (1899) шығара
бастады. Жақын арада "Bayer" әлемдік нарықтағы дәрілік препараттарды
жеткізетін ең танымал және бірегей фирмаға айналды.
Соғыс басталар уақытта 20% жуық әлемдік медикаменттер өндірісін
беріп, бірінші әлемдік соғысқа дейін Германия әлемдік фармацевтикалық
өнеркәсіпте бірінші орынды иеленді. Көптеген өндірістер бойынша
монопольды ережелерді ұстай отырып, Германия әлемдік нарықта және кейбір
Ресей аймақтарында медикаменттерді жеткізетін басты жеткізуші болды. Бұл
кезеңде Ресей Германиядан 60 млн марка көлемінде дәрілік препаратттарды
импорттады.
Азаматтық соғыс кезінде американдық фармацевтикалық өнеркәсіп
Германияның қарамағында болды. Көптеген жағдайларда фирмалар біріккен
германо-американдық капиталды құрады, осы сәттен бастап, АҚШ
территориясында фармацевтикалық өнеркәсіптерге қаржы салу үрдісі
басталды. Нәтижесінде, біраз уақыттан кейін "Merck & Comp." сияқты
германдық фирмалардың қатары, АҚШ территориясында өнімдерін шығарып,
ірі зауыттарды игерген американдықтар болды. Алайда, көптеген
препараттардың өндірісі бұрынғысынша германдық патенттермен реттелді,
зауыттағы персоналдар немістерден алынды, және де көптеген жағдайларда
мамандар германдық зауыттардан білім алып, оқудан өтті.
Кейіннен 1917 ж. АҚШ антигермандық коалицияға бірігуі, американдық
фармацевтикалық өнеркәсіпті бұл тәуелділіктен босатып, өзінің кезегінде
органикалық синтездің әртүрлі бағытының дамуын ынталандырды. Мұндай
фармацевтикалық өнеркәсіптің дамуының мысалын, келесі цифрлар көрсете
алады: 1905 ж. американдық препараттар өнеркәсібі 51 млн доллар суммасын
құрады, ал 1929 ж. -325 млн доллар.
Фармацевтикалық өнеркәсіптің ары қарай дамуына аса мән берілді, 30-
шы жылдары көптеген фармацевтикалық фирмалар, атап айтсақ, "Parke, Davis
& Comp.", "Merck & Comp.", "Eli Lilly & Comp. " жаңа дәрілер аймағында кең
зерттеулер жүргізіп, қомақты орталықтардың негізін салды. 1876 ж. олардың
сұраныстарын қанағаттандыра алмайтын шағын зертханасы болды. Жақын
арада, оның өсуі басталды, әлі күнге дейін жалғасын табуда. Шет елдерде
фирманың 36 филиалдары бар. Олардың арасында 15 фабрикасы 13 елде және
де ең үлкен ғылыми-зерттеу орталығы Англияда. 20 мыңға жуық
мамандандырылған қызметкерлер жұмыс жасайтын фирма 145 елге белгілі.
60
Тек қана ғылыми зерттеу орталығында 2000 адам қызмет етеді, ал жыл сайынғы
ғылыми зерттеулерге кететін шығын 200 млн долларды құрайды.
Фирма "Шеринг" қазіргі уақытта ірі халықаралық фармацевтикалық
компания болып табылады. Компанияның жылдық сату көлемі 4 млрд.
долларды құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |