65
пайдалануға үкім жасады. Сібірде дайындалатын тамырлар, шөптер, гүлдер,
мускустар және т.б. император дәріханасына «бағасы көрсетіліп жіберілсін»,
деп бүйырған. 1721 жылы император, емдік өсімдіктерді Ресейдің барлық
губернияларынан жинауға бүйырды, жиналған өсімдіктерді сыртқы нарыққа
жіберілуіне мүмкіндік туды.
Бас дәріханадан армияға жіберіліп отырған «дәрілік заттардың» тізімінен,
сол уақытта пайдаланған емдік заттар түрлерін білуге болады. Дәрілік тізімде
160 емдік арақтар, эссенциялар, экстракттар, микстуралар, ұнтақтар, майлар,
жақпа майлар, жапсырмалар еңгізілген. Сонымен қатар, терпентин, шпан
мушкалары, мүсәтір, күкірт, камфара, мия тамырының шырыны, іш айдайтын
кашкілер, опий, жусан эссенциясы, терпентин, ялапа шайыры, сірке, бұғының
мүйізі, ашутас, күшән, фосфор т.б. дәрілер. Госпитальдағы солдаттарды емдеу
үшін және жаңа астананың құрылысына қатысатын «жұмыс адамдарына» тегін
берілген. Басқа адамдарға дәрілерді ақыға берген.
1725 ж. І Петр Ресейде Ғылыми Академия ашты. Патша Академияға
әйгілі ғалымдарды шақырды: математиктер Леонард Әйлер (1707-1783) мен
Христиан Гольдбах (1690-1764), физик Георг Вольфранг Крафт (1701-1754),
тарихшы Герард Фридрих Миллер (1705-1783).
І Петр реформалары Ресей елінің барлық салаларын дамытты, соның
ішінде медицина мен фармацияның дамуына күшті әсерін тигізді.
Достарыңызбен бөлісу: