РесейдеХІХ және ХХ ғасырдың басындағы дәріханалық істің
дамуы
ХІХ ғасырдың басы фармацияның дамуымен сипатталады. Алайда,
Ресейде дәрілік көмектің жағдайы қанағаттанарлықсыз болды. Жеке
дәріханалар жеткіліксіз болды. 1828 ж. дәріханалар саны - 423, 1938 ж.- 572,
1848ж.- 689 болды. 1846 ж. Ресейдің 171 қаласында дәріхана болмады. Жеке
дәріханалардың иелері тек баюды ғана ойлап, тұрғындарға дәрілік қызмет
көрсетуді жақсарту туралы ойламады.
Революцияға дейінгі Ресейдің жеке дәріханалары капиталистік сипаттағы
өнеркәсіпке ие болды.
Жарақсыз дәрілік заттары сенімді жоғалтқаныменен, ережеге сай дәріханаларда
құрал-жабдықтармен жабдықталған қабылдау бөлмелері болып, клиенттің
назарын аударды. Фармацевт-қызметкерлер қанағаттанарлықсыз дәріханалық
құрал-жабдықтармен тәулігіне 14 сағат бойы жұмыс жасады. Қалған
уақыттарында сол дәріханада өткізді, шаруашылық пансиондардан үлес алып,
олардың эксплуатациясын күшейтуге дәріхана иелеріне көмектесті.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында капитализмнің тез дамуымен
сипатталады. Қалаларда өнеркәсіптің өсуі, жергілікті (земские) және қалалық
медициналық мекемелердің құрылуы дәрілерге деген сұранысты ұлғайтты.
Дәріханаларды ашу туралы монополияны Петр І қабылдады, басында
прогрессивті ролге ие болып, Ресейдегі дәріханалық жұмыстың қалыптасуына
ықпал етті.
1864 ж. жергілікті реформа жүргізілді. Ауыл тұрғындарына дәрілік көмек
көрсету үшін, жергілікті дәріханалар ашылды. Осындай алғашқы дәріхана 1868
жылы Нижегород губерниясының Макарьевск уездінде ұйымдастырылды.
Жергілікті дәріханаларды ұйымдастыру кезінде, дәріханалық жұмыстан тек
ғана медицина аймағынан емес, басқа да жергілікті шаруашылық саласынан
қажеттілікті жабатын табысты мақала жиі іздеді. Дәріханалар жұпыны, нашар
70
жабдықталды. Тұрғындарға жақсы дәрілік көмек көрсететін жергілікті
дәріханалар саны өте аз болды. Заңды дәріханалар дәрігерлердің бақылауында
болды, ал шындығында - толығымен медбикелер мен фельдшердің қолында
болды.
Жергілікті дәріханалардан дәрілердің босатылу реті әртүрлі болды.
Бастапқы уақытта дәрілер үшін енгізілген жергілікті төлем амбулатордағы
науқастардан алынбады. ХІХ ғасырдың 70-80-ші жылдарының аяғында "кеңес"
үшін, дәрілерге, ыдыстарға т.б. төлем алу кең қолданысқа енді. Әрбір земство
қызметтері үшін төлем мөлшері мен ретін өздігінен тұрақтандырды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында медицина өзінің дамуында белгілі бір
деңгейде жаратылыстануға жақындады.
Медициналық тәжірибеде физика, химия, биология деректері кең
қолданыла бастады. Өз уақытында жағымды рольге ие болған дәріхана
ашудағы монополияны Петр І орнатып, елдегі дәріхана жұмысының дамуына
тоқтау салды. 1864 жылы патша өкіметі дәріхана ашуға (тұрғындардың саны,
астанадағы бір дәріхананың қаржылай айналымы мен рецепттердің саны,
губерниялық және уезддік қалалар мен ауыл дәріханасының арақашықтығы
анықталды ) жаңа ережелер орнатты. 1864 жылы земств ұйымының реформасы
бойынша земстік медицина пайда болып, земстік дәріханалар ашыла бастады
(1868 ж.). Елдегі дәріханалар жұмысы фармакопеялармен реттеледі
(1866,1871,1880,1891). Ведомствалық дәріханалар (әскери, теңіздік және т.б.)
өздерінің фармакопеялары болды (1866, 1869, 1874, 1885). ХІХ аяғы және ХХ
ғасырдың басында дәріханалардың келбеті өзгерді. Денсаулыққа пайдалы емес,
керісінше зиянды, құпия түрдегі дайын дәрілерді сататын дәріханалар ең басты
сауда орнына айналады. Мұндай жағдайға қарсы прогрессивті фармацевт-
қызметкерлер қатысады. Дәрілерді өндіру дәріханадан зауыттарға жаймен
ауыса бастады. Бірақта өнеркәсіп өте баяу дамыды.
ХІХ ғасырдың аяғында Ресейде 300 фармация магистрлері болды, олар
өздерінің жұмыстарымен фармацевтика ғылымына айтарлықтай үлес қосты.
ХХ ғасырдың басында Ресейде Польск Патшалығының губерниясысыз 5000-ға
жуық дәрілерді еркін сата алатын дәріхана қалыптасты (олардың ішінде 40%
шаруаларға қызмет көрсетті) және 200-дей земстік дәріханалар Ресей
патшалығының тұрғындарын қанағаттанарлықтай дәрілермен қамтамасыз ете
алмады.
Тек Ұлы Қазан социалистік революциясының жеңісі денсаулық сақтауды
мемлекеттік, қоғамдық болуға және барлық еңбек ететін жұмыскерлерге қызмет
көрсетуіне мүмкіндік берді.
|