Етістік + алу / алмау құрылымы бірдей қолданылады.
Мысалы: - Менде анатомия атласы жоқ.
- Осы атласты «Абай» кітап дүкенінен сатып ала аласыз.
б) Егер әңгіме бір ғылыми пайымдаулар, қорытындылар туралы болса, осы құрылым
қолданылады. Мысалы: Менделеев кестесіндегі элементтер орнын білсеңіз, оның қасиет-
терін нақты сипаттап беруге болады. (біз сипаттап бере аламыз).
355-жаттығу. Сөйлемдерді оқыңыз. Ақпаратты пайдаланып, жауап жазыңыз.
Үлгі: Мына автобус автовокзалға барады, ал циркке бара алмайсыз.
Осы автобуспен автовокзалға бара аламын ба? – Иә, осы автобуспен автовокзалға бара
аласыз, Ал циркке бара аламын ба? – Жоқ, циркке бара алмайсыз.
1. Кітапханада ботаника оқулықтары бар, ал микробиология оқулығы жоқ. Кітапханадан
ботаника оқулығын, микробиология оқулығын алуға бола ма?
2. Аудиторияда тек қана 12 орын бар. Осы аудиторияда аз ғана топпен сабақ жүргізуге
бола ма? Ал барлық курс үшін лекция оқуға бола ма?
3. Осы үйдің жоғары қабаттарынан университет аумағы жақсы көрінеді, ал Республика
алаңы көрінбейді. Осы үйдің жоғарғы қабаттарынан университет аумағын жақсы көре ала-
мыз ба? Ал республика алаңын көруге бола ма?
150
356-жаттығу. Сөйлемдерді оқыңыз. Ақпаратты пайдаланып, жауап жазыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |