Хабаршысы ғылыми журналы



Pdf көрінісі
бет45/180
Дата01.02.2022
өлшемі3.07 Mb.
#455016
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   180
Ал біздің зерттеулеріміз бойынша  Хромтау қаласының атмосфералық ауасының 
экологиялық жағдайы 2012 жылдың қараша айынан бастап ТОО «Алия и Ко» 
зертханасында зерттеліп келе жатыр. 
Хромтау қаласы атмосфералық ауасындағы зиянды заттар мөлшерін анықтау үшін 
ГАНК-4 газоанализаторы пайдаланылды. ГАНК-4 газоанализаторы ауадағы зиянды 
заттардың концентрациясын анықтау үшін қолданылады.  Газоанализатор қазіргі заманға 
сай технологиялармен жабдықталған және сенімді болып табылады.  
ГАНК -4 газоанализаторы ауыспалы және стационарлы қызмет атқарады. Ластағыш 
заттарды анықтау, химиялық кассеталармен және құрастырылған қозғалтқыш арқылы 
анықталады. Кассета 2000-ға жуық нәтижеге есептелінген. Кассетаны ауыстыру үшін бір 
минуттай уақыт кетеді. Анализденген ауа микронасостың көмегімен лента арқылы 
сорылады. Лентаның қараю дәрежесі жоғарылағанда, ауаның құрамындағы зиянды 
заттардың концентрациясын көрсетеді. ГАНК-4 газоанализаторы жұмыс істеуге ыңғайлы 
және оңай.   
Хромтау қаласы атмосфералық ауасындағы зиянды заттар мөлшерін анықтау үшін 
ГАНК-4 газоанализаторы пайдаланылды. ГАНК-4 газоанализаторы ауадағы зиянды 
заттардың концентрациясын анықтау үшін қолданылады.  Газоанализатор қазіргі заманға 
сай технологиялармен жабдықталған және сенімді болып табылады.  
ГАНК -4 газоанализаторы ауыспалы және стационарлы қызмет атқарады. Ластағыш 
заттарды анықтау, химиялық кассеталармен және құрастырылған қозғалтқыш арқылы 
анықталады. Кассета 2000-ға жуық нәтижеге есептелінген. Кассетаны ауыстыру үшін бір 
минуттай уақыт кетеді. Анализденген ауа микронасостың көмегімен лента арқылы 
сорылады. Лентаның қараю дәрежесі жоғарылағанда, ауаның құрамындағы зиянды 
заттардың концентрациясын көрсетеді. ГАНК-4 газоанализаторы жұмыс істеуге ыңғайлы 
және оңай.  [3]              
Келтірілген зерттеулерде, Хромтау  қаласының ауасының жағдайы 2012 жылы 
қараша, 2013 жылы наурыз айларында бақылау жүргізілді. Ауаның ластану деңгейі 5 
таңдалып алынған орындарда өлшенді:  
№1 Шығыс аймағы (Беркімбаев көшесі мен Әйтеке би көшесінің қиылысы). Бұл бақылау 
нүктесінде қараша, наурыз,  айларында өлшеу жұмыстары жүргізілді. Қараша айында 
желдің бағыты шығыстан (минутына 2-3 м/сек), наурыз айында оңтүстіктен (минутына 2 
м/сек) соғып тұрды.  


№2 Батыс аймақ (А.Алипов көшесі). Батыс аймағына қараша, наурыз айларында өлшеу 
жұмыстары жүргізілді. Қараша айында желдің бағыты шығыстан (минутына 2-3 м/сек), 
наурыз айында оңтүстіктен (минутына 2 м/сек) есілді.  
№3 Солтүстік аймақ (Ағ.Жұбановтар көшесі). Солтүстік аймағына қараша, наурыз, 
айларында өлшеу жұмыстары жүргізілді. Қараша айында желдің бағыты шығыстан 
(минутына 2-3 м/сек), наурыз айында оңтүстіктен (минутына 2 м/сек) соғып тұрды.  
№4 Оңтүстік аймақ (Ғ.Жұбанова мен Курченко көшесінің қиылысы), оңтүстік аймағына 
қараша, қаңтар, наурыз, мамыр айларында өлшеу жұмыстары жүргізілді. Қараша айында 
желдің бағыты шығыстан (минутына 2-3 м/сек), наурыз айында оңтүстіктен (минутына 2 
м/сек) соғып тұрды.  
№5 Орталық аймақ («Хромит» мейрамханасының жаны) Орталық аймағына қараша, 
наурыз айларында өлшеу жұмыстары жүргізілді. Қараша айында желдің бағыты 
шығыстан (минутына 2-3 м/сек), наурыз айында оңтүстіктен (минутына 2 м/сек) соғылды.  
Жасалынған  тәжірибе нәтижесінде  Хромтау қаласы ауасының ластаушы заттарының 
мөлшері келесі мәліметтерде көрсетілген. 
Бақылау мәліметтерін талдау нәтижесінде Хромтау қаласының ауа бассейнінде шаң, 
көміртегі диоксиді, азот диоксиді және күкірт диоксидінің концентрациялары бар екені 
анықталды.  
Қалқымалы заттар (шаң).  №5 Солтүстік аймағында шаңның мөлшері ШРК-дан төмен, 
яғни 0,0112ШРК тең. Ең жоғарғы мән  №2 Батыс аймағында  (автомагистраль, ТЭЦ-1) 
0,119 ШРК. Басқа аймақтар ШРК-дан асқан жоқ (сурет 1).  
 
 
Хромтау қаласы атмосфералық ауасының құрамындағы шаңның мөлшері 
Күкірт диоксиді. Күкірт диоксидінің орта тәуліктік концентрациясы санитарлық нормадан 
асқан жоқ (сурет 2). 
 
 
Хромтау қаласы атмосфералық ауасының құрамындағы SO
2
 мөлшері 
 
Азот диоксиді.  №1 Шығыс аймағында шаңның мөлшері ШРК-дан асады. Бұл жерде азот 
диоксидінің концентрациясы 0,308 ШРК шамасында болды. Басқа бекеттерде нормадан 
тыс концентрация белгіленген жоқ (сурет 3).  


 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Хромтау қаласы атмосфералық ауасының құрамындағы NO
2
 мөлшері 
 
Көміртегі (ІІ )оксиді.  Атмосфераның көміртек (ІІ) оксидімен ластануында үлкен 
өзгерістер белгіленген жоқ 0,1-0,891 ШРК (сурет 4). 
 
 
Хромтау қаласы атмосфералық ауасының құрамындағы СO мөлшері  
 
Ауа құрамындағы азот диоксиді, күкірт диоксиді, шаң және көміртек тотығына 
зерттеу жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде Хромтау қаласы бойынша атмосфералық ауаның 
құрамындағы азот диоксидінің мөлшері ШМК-дан жоғары. Хромтау қаласындағы зерттеу 
жүргізілген бес бақылау нүктесінің ішінде № 1 Шығыс аймағы және № 3 Солтүстік 
аймағы  басқа зерттелген аймақтарға қарағанда ластанған. Себебі, желдің бағыты 
солтүстік, шығыстан соғып тұрды және ірі кәсіпорындар сол аймақтарда шоғырланған: 
«Лимонное» мыс-мырыш кен орны, «Миллионное» магнезит кен орны, Дөң темір жол 
станциясы,  мыс-колчедан өндіретін кен орындары.  [4]              
Атмосфералық ауаның ластануының алдын алуға және зиянды қалдықтардың мөлшерiн 
азайту үшін мынадай ұсыныстар туындайды: 
1. Зиянды қосылыстар түзiлетiн технологиялық процестердi жақсарту және мүмкiндiгiнше 
зиянды заттар аз бөлiнетiн жаңа технологияларды өндiрiске енгiзу. Отынның құрамын
аппараттар мен карбюрацияны жақсарту және ауа тазартқыш қондырғылар арқылы ауаға 
зиянды заттардың түсуiн азайту немесе мүлде болдырмау. 
2. Зиянды қосылыстарды бөлетiн объектiлердi тиiмдi орналастыру және жасыл 
өсiмдiктердi көптеп отырғызу. Тұрғын ғимараттарын қаланың батыс пен онтүстік 
аймақтарына қарай  салуын жоспарлау. Халықтың экологиялық мәдениетін көтеру. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   180




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет