Хабаршысы ғылыми журналы



Pdf көрінісі
бет53/180
Дата01.02.2022
өлшемі3.07 Mb.
#455016
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   180
  
Әдебиеттер 
1. Берим Н.Г. Химическаая защита растений. Л.: «Колос, 1972.  
2. Гар К.А. Инсектициды в  сельском хозяйстве.-М.: «Колос», 1974.  
3. Мельников Н.Н. Химия пестицидов. М.: «Химия»,1968. 
4. ЧенкинА.Ф., Гриванов К.П. Справочник агронома по защите растений.-М., 
Россельхозиздат, 1974. 
 
 
ӘОЖ 574                                                                                    
 
Ақтөбе облысындағы 
хром өндіріс орындарының қоршаған ортаға әсері 
 
Тургенова О.М., Табилова В.С. 
 
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті 
 
В статье показаны многолетние накопления выбросов хрома в окружающую среду 
производственными предприятиями Актюбинской области. В частности, дана 
характеристика выбросам за десятилетний период Актюбинским заводом ферросплавов. 
Количество хрома, выбрасываемого в окружающую среду из года в год не уменьшается. 
The article shows the long-term accumulation of chromium emissions into the environment by 
the industrial enterprises of Aktobe. In particular, the characteristic of the emisisons for ten 
years by Aktobe Ferroalloy Plant. The amount of chromium released into the environment is not 
reduced  from year to year. 
 


Ключевые слова: экология, хром, производство,  загрязнение, окружающая среда. 
Key words: еcology, chrome, the production , pollution, environment. 
 
Қазіргі заманда адам баласы қоршаған ортаның тез нашарлауына және табиғи 
ресурстардың азаюына, сарқылуына тап болуды. Қазақстанның экожүйелері әлсіз, тез 
өзгергіш болып келеді, себебі: оның территориясының көп бөлігі аридті зонада 
орналасқан. Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайының болуына басты 
себептер: экстенсивті түрде табиғатты пайдалану. Мемлекеттік бақылаудың жоқ болуы, 
табиғи ресурстардың қорғалуы және пайдаланудың дұрыс ұйымдастырмалуы т.б. Мұндай 
экологиялық мәселелердің барлығы Қазақстан Республикасының кейбір аймақтарында 
ауыз судың жетіспеуі, судың, топырақтың, ауаның ластануы, оның зардаптары көптеген 
өсімдіктер мен жануарлардың жойылуына әкелді.  
Ақтөбе облысындағы экологиялық ахуал жылдан – жылға төмендеп барады. 
Аудандар да, Ақтөбе қаласында да қоршаған ортаны қорғау ісінде ілгері басушылық жоқ. 
Атмосфераға жіберіліп жатқан лас қалдықтардың көлемі өсіп, жер үсті және жер асты 
суларының өндірістік және коммуналдық кәсіпорындардың қалдықтарымен ластануы 
көбейді [1]. Облыстың ең маңызды экологиялық мәселесі – атмосфералық ауаның 
ластануы болып табылады. Атмосфераның ластануының ең негізгі көзі - әр түрлі 
өнеркәсіптер, транспорт және тұрмыстық қалдықтар болып табылады. 2008 жылдың 
бірінші жарты жылдығында 35,9 мың тонна зиянды заттар шығарылды. Соның ішінде: 
қатты заттар – 2,76 мың тонна, күкірт ангидриді – 1,3 мың тонна, көміртек оксиді – 19,75 
мың тонна, азот оксидтері – 5,78 мың тонна, көмірсутектер – 3,8 мың тонна [1,2].  
Ақтөбе қаласы Қазақстан Республикасының ең ірі өнеркәсіптік, ғылыми және 
мәдени орталығы, ең ірі қалалардың бірі болып табылады. Ақтөбе қаласындағы 
атмосфераны ластаушы көздердің бірі «Ақтөбе хром қосындылар зауыты». 
Ақтөбе ферроқорытпа заводы-дамып келе жатқан, жоғары сапалы қорытпа 
өндіретін мекеме болып табылады. Құрылыс - 1940 жылы, эксплуатация - 1943 жылы 
басталды. 
2003 жылдан бастап «Ферроқорытпа» заводы «Қазхром» ТҰК-ның филиалы болып 
саналады. Завод Ақтөбе қаласының солтүстік-батыс өндірістік аумағында орналасқан 
және жалпы алатын көлемі 243,446 гектар. 
Мекеме әртүрлі ферроқорытпа сорттарын шығарады. Олар: жоғарғы көміртекті, орташа  
көміртекті, төменгі көміртекті ферроқорытпа және карбид, кальций, металдық хром, 
металлоконцентрат болып жіктеледі. 
Тек қаланың ғана емес, барлық облыстың мекемесі болғандықтан қоршаған ортаға 
ферроқорытпа заводы белгілі бір әсерін тигізеді. Көрсетілген әсердің жұмысын жоспарлау 
және өткізу үшін заводта қоршаған ортаны қорғау басқармасы енгізілді.           
Заводтан атмосфераға шығарылатын зиянды заттар. 
2002 жылы атмосферадағы зиянды қалдық заттар көзінің инвентаризациясы жүргізілді. 
Қазіргі уақытта ферроқорытпа заводының зиянды қалдық заттарының 194 көзі бар, 
олардың 112-сі ұйымдастырылмаған және 82-сі ұйымдастырылған [3]. 
Инвентаризация бойынша 30 зиянды қалдық заттарының ішінде 22-сі 1-4 класстың 
қауіпті заттары. Атмосфераға шығарылатын қалдықтың негізгі көздері завод 
қалдықтарының шамамен 95 пайызын құрайтын қалдықтар, яғни балқыма , известняк 
жағу және шлактарды қайта өңдеу цехтары. 
2001-2005 жылдар аралығында қалдық саны бір деңгейде болды, тек соңғы екі жылда 
өндіріс қуатының өсуіне байланысты қалдық 1,15 есе көбейді және ол 2005 жылы 
3977,875 тонна құрайды.  
Қоршаған ортаны қорғау министірінің пікірінше «Қазхром» ТҰК-на қарасты 
«Ақтөбе ферроқорытпа заводының» атмосфераны ластайтын қалдықтарының көлемі 
бақылау мүшесімен белгіленген қалдық шегінен аспайды. 


2005 жылы  «Ақтөбе ферроқорытпа заводы» атмосфераға 3977,587 тонна ластағыш заттан 
(қатты-2411,479т, газ тәрізді және сұйық-1566,108т, көміртегі оксиді-873,081тонна, азот 
қышқылы-572,641тонна) рұқсат етілген лимиттен 274,2441 тоннаға артық тасталған. 
Ластағыш заттың қалдық лимитінің қолдану пайызы 93,50 % құрайды. 
Облыстық  қоршаған ортаны қорғау мекемесінің саясаты табиғатты қорғау 
заңдылықтарының талаптарына сәйкес келеді. 
Атмосфералық ауаны ластайтын өндірістің бақылау жүйесі мен мониторингі нормативтік 
талаптарға сай құрылған.  
Қалдықтың көлеміне қарай көптеген маңызды процестер 2-ші диаграммада 
көрсетілген. Қалдықтың негізгі үлесі мыналар: ферроқорытпаны балқыту (45,94), әк және 
көмірқышқылының өндірісі (20,13) және шлактың сақталуы, орналасуы, қайта өңделуі 
(15,36).  Феррохромның жоғарғы көміртегі шлактарының қайта өңделуі. 
Қазіргі кезде феррохромның жоғарғы көміртегі шлактарының қайта өңделуі 4 
ұсақтау-іріктеу қондырғыларымен қайта өңделеді. Оның құрамына 
кіретіндер:пластикалық питатель,ұсақтаудың 1 және 2 сатылы драбилкасы, 3 магнитті 
сепаратор. 
Металл өнімін металлургиялық қайта өңдеу үшін заводта сонымен қатар феррохромның 
ФХ-800, ФХ-900 маркаларын алуда қолданады. 
   Тасты шлактың қайта өңдеу жылдық көлемі мынадан тұрады: 
- мерзімді өндіріс шлактары                          -283,4 мың тонна. 
- айналма шлактары                                         -81,9 мың тонна. 
- опыру шлактары                                            -211,4 мың тонна. 
- басқалары(әк, кварцит)                                 -100,0 мың тонна.   
2004 жылы гидросепарация әдісі арқылы тасты шлакты өнімдерден  феррохром қалдығын 
алу үшін гидротұнба кешені КФПШ-50 енгізілді.Қондырғы су құбырларының жабық цикл 
жағдайында жұмыс істейді.Металл өнім өндірісі толығымен цех бойынша 25-30 пйызға 
өсті. 
Заводта өңдеу жұмысы таулы және транспортты технологиялар арқылы 
жүргізіледі[4]. 
Ақтөбе қаласы Қазақстан Республикасының ірі экономикалық, өндірістік орталығы болып 
табылады.  Қаламыз еліміздегі ең лас қалалардың біріне айналып отыр. Облыс 
орталығының ластану индексі нормадағы 5 бірлік орнына 10,5 бірлікті құрайды. Қаланың 
атмосфералық ауасын ластайтындар ресми деректе стоционарлық ластану көздері деп 
аталатын ірі кәсіпорындар екен. Облыс орталығының ауа бассейніне «Қазхром» 
трансұлттық компаниясына қарасты «Феррохром» АҚ жылына 3000 тонна ал «Ақтөбе 
хром қосындылар зауыты» АҚ 2,9 мың т, «Ақтөбе жылу электр орталығы» ЖАҚ-ы 1,1 
тонна зиянды заттар шығарады.  
 
Кесте 1 
АХҚЗ бойынша 1990-2010 жылдарда атмосфераға алтывалентті хромның тасталу 
мөлшері, тонна\жыл 
 
Жылдар 
Цехтар номері 
Атмосфераға шығарылған хром, т\жыл 
1990 
№1,2,3,4,5,6 
8,9 
1991 
№2,3,4,5,6,7 
7,07 
1992 
№1,2,3,4,5,6 
6,60 
1993 
№1,2,4,5,6,7 
4,03 
1994 
№2,3,4,5,6,7 
4,38 
1995 
№2,3,4,5,6,7 
4,22 
1996 
№2,3,4,5,6,7 
4,29 
1997 
№2,3,4,5,6,7 
4,33 


1998 
№1,2,3,4,5,6 
5,09 
1999 
№2,3,4,5,6,7 
5,08 
2010 
№1,2,3,4,5,6 
5,09 
  
 Атмосфералық ауаның ластануымен күресу мәселесі күрделі, жан– жақты және 
үлкен материалдық шығындар мен күшті қажет етеді. Дегенмен ғылыми–техникалық 
прогрестің қазіргі заманғы даму деңгейі адам организмі мен қоршаған ортаға зиянды әсер 
ететін заттардың түзілуіне және бөлінуін азайтып, ластанудың алдын–алудың іс–
шараларын жасауға мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   180




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет