антропогенді немесе тіршілік ортада болып жатқан физикалық – химиялық
процестеркезінде зиянды, улы заттардың пайда болуын жатқызамыз. Дамуы жоғары
елдерде соңғы екі – үш онжылдықта қолданылған шараларға байланысты қоршаған
ортаның химиялық ластануы екінші орынға түсіп, бірінші орынға радиактивті ластану
шығып отыр. Біздің елімізде қоршаған ортаның химиялық ластану қаупі әлі де жоғары
болып тұр.
Сонымен, Хромтау қаласы атмосфералық ауасының құрамындағы ластағыш
заттарға мыналар жатады: NO
2
, SO
2
, H
2
S, CO, NH
3
,
көмірсутектер, газ тәрізді және сұйық,
қатты, ұшпалы органикалық қосылыстар жатады. Облыс бойынша ең көп шығарынды газ
тәрізді және сұйық заттар 54 661,229 тонна, одан кейін қатты заттар 42 947,865 тонна,
көміртек тотығы 15 713,770 тонна, күкіртті ангидрид 13 109,356 тонна, ұшпалы
органикалық қосылыстар 8 925,772 тонна, азот тотықтары 7 291,639 тонна, көмірсутектер
2 632,608 тонна, күкіртсутек 241,245 тонна, аммиак 4,751 тонна. Осы ластағыштар
бойынша Ақтөбе қаласы бірінші орында, ал
Хромтау қаласы көміртек тотығы, азот
тотықтары, қатты заттардан екінші орында, күкіртті ангидридтен үшінші орын, газ тәрізді
және сұйық ластағыш заттардан төртінші орын, көмірсутектерден бесінші орын, ұшпалы
органикалық қосылыстардан алтыншы орын, күкіртсутектен сегізінші орында.
Атмосфералық ауаға ластағыш заттардың көп мөлшерде шығарылуының басты
себебі
көптеген ірі өнеркәсіптердің болуы. Атап айтатын болсақ, Дөң кен байыту комбинаты,
«Лимонное» мыс-мырыш кен орны, «Миллионное» магнезит кен орны т.б. [2]
Достарыңызбен бөлісу: