процедуралары, минералды суды ішу денсаулықты нығайтуда жақсы нәтиже береді.
Адамның көңіл - күйіне әсері оның эстетикалық маңызын құрайды [4, 2].
Судың эпидемиологиялық маңызы. Су арқылы
көптеген жұқпалы аурулар -
тырысқақ, іш сүзегі, парасүзек, амебалық және бактериялық дизентерия, амебиаза,
энтеровирустық аурулар, жұқпалы А және Е гепатиттері, лептоспироз, туляремия,
лямбшиоз, балантидиаз, гельминтоз, кейбір энтеророта
және аденовирустық аурулар
таралады. Антропозооноздық аурулар, оның ішінде лептоспироз су арқылы таралатын
жұқпалы ауруларға жатады. Ошақтары ағыссыз және ағысты су қоймаларында
орналасады. Негізгі таратушылары - кеміргіштер, ірі қара мал және шошқалар. Туляремия,
қарасан, бруцеллез сияқты антропозооноздық аурулар да су арқылы таралады.
Бактериялық жұқпалы аурулармен қатар су арқылы
вирустық жұқпалы аурулар да
беріледі (жұқпалы А гепатиті, полиосалмиелит, аденовирустық инфекциялар,
энтеровирустық аурулар).
Күнделікті қолданыстағы ауыз судың тапшылығы, сапасыздығы жайлы жиі
айтылып та, жазылып та жүр. Еліміздегі елді мекендерді түгелдей таза ауыз сумен
қамтамасыз ету мақсатында Үкімет 2011-2020 жылдарға «Ақ бұлақ» бағдарламасын
қабылдады. Бағдарламаны жүзеге асыруға мемлекет қоржынынан тағы да қомақты қаржы
бөлінді. Ендігі жерде бақылау дұрыс болып, бағдарламаның бағы жанса болғаны.
Әйтпесе
бізде әп-әдемі ән пұшыққа қор болып кете баратын жағдайлар жиі ұшырап тұрады.
Бүгінгі таңда халықтың ішіп отырған суының сапасы да әртүрлі. Бір жерде су
тұзды, екінші жерде суда хлордың мөлшері көп, енді бір жерде су құбырларының
ескіруіне байланысты су лас т.с.с. Сондықтан да қазіргі таңда қалтасы көтергендер
сүзгіден өткізіліп, тазартылған ауыз суын сатып алып пайдаланғанды жөн көреді немесе
үйде шүмектен ағып тұрған суға сүзгі орнатады. Бүгінде сүзгіден өткізілген су сататын,
«сүзгі орнатып, суыңызды таза етіп береміз» деп, сүзгісін мақтап, қызметін ұсынып,
үйіңіздің есігін қағып тұратын фирмалардың да қатары көбейген. Сондай-ақ бүгінгі таңда
көптеген мекемелер қызметкерлері үшін сүзгіден өткізіліп, тазартылған суды күнделікті
сатып алып отырады. Алайда сол сүзгіден өткен судың пайдасы
мен зияны жайлы бәріміз
біле бермейміз.
Мамандардың айтуына қарағанда, табиғи ауыз суының құрамында адам ағзасына
қажетті түрлі микроэлементтер мен минералдар болады. Ал бүгінгі күні көптеген
кәсіпкерлердің сүзгіден өткізіп сатып отырған суында адам ағзасына қажетті түрлі
микроэлементтер мен минералдар жоқ. Яғни ол – өлі су. Ондай судың адамға пайдасымен
қатар зияны да жоқ емес. Сүзгіден өткізілген суды сатумен айналысатын кәсіпорын
маманының айтуына қарағанда, ұңғымадан (скважинадан) су алып пайдаланатын
кәсіпкерлер некен-саяқ. Көптеген кәсіпорындар суқұбыры арқылы келіп тұрған суды
пайдаланады. Бұл мемлекеттік стандартқа да кереғар емес көрінеді.
Бүгінгі таңда саудада жүрген тазартылған суларда «стандартқа сай» деген белгі бар. Яғни
адам денсаулығына қауіпті емес. Стандартқа сай болғандықтан ондай тауардың
сатылуына тыйым салуға ешкімнің құқығы жоқ. Ал сүзгіден өткізілген судың құрамында
адам ағзасына қажетті нәрлі заттардың болмауына келсек, онда стандартқа соған сай талап
енгізілуі керек.
Алайда «Мұндай суды ұзақ жылдар пайдалану адамды түрлі ауруға шалдықтыруы
мүмкін» дейді дәрігерлер. Өйткені адам ағзасына қажетті әртүрлі нәрлі заттар су арқылы
беріледі екен. Ал аквариумнист мамандар мұндай суда балықтардың тіпті бір тәулік
тіршілік ете алмайтынын айтады.
Егер аквариумге сүзгіден өткізіліп, тазартылған суды құйсаңыз ондай ортада балық
тіршілік ете алмайды. Өйткені тазартылған суда балықтың тіршілік етуіне қажетті
кальций, фосфор, кадмий, күміс, алюминий т.б. нәрлі заттар қалмайды.
Барлық нәрлі
заттар сүзгіде қалып қояды. Сондықтан аквариумге сүзгіден өткізілген суды құюға
болмайды. Дәрігерлердің айтуына қарағанда, құрамында нәрлі заттар жоқ суды үнемі
пайдалану ішек, асқазан, буын ауруларын туғызады екен.
Су – адам ағзасына ең қажетті қорек. Өйткені оның құрамында адам организміне
керекті нәрлі заттар – микроорганизмдер мен минералдар болады. Расымен де, қазіргі
кезде кәсіпкерлердің сүзгіден өткізіп, сатып жүрген суының құрамында адам ағзасына
қажетті нәрлі заттардың жоқ екенін мамандар анықтаған. Мұндай суды үнемі пайдалану
ішек, асқазан ауруларына шалдықтыруы мүмкін. Сондай-ақ балалардың физикалық
тұрғыдан өсуін тежеуі ықтимал. Сондықтан күнделікті пайдаланатын ауыз суының
сапасына аса көңіл бөлген абзал.
Жалпы, мамандар құрамында адам ағзасына қажетті нәрлі заттар жоқ суды үнемі
пайдаланбауға кеңес береді. Олардың айтуынша, табиғи тау суын,
ұңғыдан шыққан
табиғи жерасты суын пайдаланған дұрыс дейді.
Адам ағзасы бір тәулікте шамамен 1,5-2 литр су жоғалтады. Сондықтан адам күніне
сонша су iшіп отыруы қажет. Жалпы, ағзадағы су құрамының тепе-теңдігін сақтау үшін
адам дене салмағына қарай бір килограммға 30-40 грамм су ішуі керек. Таңертең бір
стакан су ішуді әдетке айналдырған дұрыс. Зиянды микроорганизмдер болмауы үшін суды
қайнатып ішкен абзал. Қайнаған судың құрамындағы кальций, магний сияқты элементтер
– ағзаға ерекше пайдалы. Қайнатылған қатты су жүрек-қан тамыр ауруларының алдын
алуда пайдалы. Тұзды су зиян. Тұзды су ағзаны сусыздандырады және қан қысымының
көтерілуіне ықпал етеді. Сондай-ақ таңертең тұрғанда мұздатқыштағы суық суды да ішуге
болмайды. Таңертең аш қарынға суық су ішу ішектің,
асқазанның жұмысын тежеп, ауру
пайда болуына себепші болуы ықтимал. Ең дұрысы, таңертең тұрғанда үй
температурасымен бірдей қайнаған су ішкен жөн [1].
Халықты таза, сапалы сумен қамтамасыз етудің үлкен гигиеналық мәні бар, өйткені
бұл адамдарды сумен таралатын түрлі эпидемиялық аурулардан сақтайды. Елді-мекенді
қажет мөлшердегі сумен қамтамасыз ету оның жалпы көркею деңгейін көтеруге мүмкіндік
береді. Қазіргі заманғы ірі қалалардың су тапшылығын қанағаттандыру үшін тәулігіне
миллиондаған текше метрмен өлшенетін су мөлшері қажет. Аталған міндетті орындау,
сонымен қатар, ауыз судың жоғары деңгейлі санитарлық сапасын қамтамасыз ету табиғи
қорларды
мұқият таңдауды, аталған қорлардың ластануын болдырмауды және су құбыры
құрылымдарын тиісті түрде тазалауды қажет етеді. [5]
Достарыңызбен бөлісу: