Хабаршысы ғылыми журналы



Pdf көрінісі
бет52/180
Дата01.02.2022
өлшемі3.07 Mb.
#455016
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   180
УДК 502.7:591.5 И15                     
 
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ЗИЯНКЕСТЕРІНЕ ҚАРСЫ ҚОЛДАНАТЫН НЕГІЗГІ 
ХИМИЯЛЫҚ ПРЕПАРАТТАРДЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ 
 
Тургенова О.М., Ибраймова А.Г., Жақсығұлова Г.М. 
 
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті 
 
В статье дана характеристика химическим препаратам, применяемым в сельском 
хозяйстве, и их накоплению в окружающей среде. А также, показано их вредное 
воздействие на живые организмы.  
In article the characteristic is given the chemical preparations applied in agriculture, and their 
accumulation in environment. And also, their harmful influence on live organisms is shown. 
 
Ключевые слова: пестициды, фумигант, аэрозоль, влияние на окружающею среду
Keywords: pesticides, fumigant, an aerosol, influence on environment. 
 
Өсімдіктерді қорғауда химиялық заттар қолдану ХХ ғасырдың 50 жылдарынан 
бастап үлкен дәрежеде сұраныс таба бастады. Осы саладағы химиялық заттардың жалпы 
атауы «пестицид» яғни (лат. «pestis» жұқпалы ауру, «caedo» - өлтіру) деген мағынаны 
білдіреді. Пестицидтерді қолдану мақсатына және бағытына байланысты бірнеше үлкен 
топтарға бөлінеді: инсектицидтер – өсімдік зиянкестеріне қарсы қолданатын тобы; 
гербицидттер – арам шөптерге қарсы; фунгицидттер – саңырауқұлақ тудыратын өсімдік 
ауруларына қарсы қолданатын тобы; сонымен қатар, басқа топтардан дефолианттарды, 
яғни жапырақ түсіргіш препараттарды бөліп көрсетуге болады; сол сияқты десиканттар – 
өсімдікті құрғақшылықтан сақтауға; зооцидтер немесе родентицидтер – кеміргіштерге 
қарсы қолданатын препарат.[1] 
Инсектицидтер топтар ішінен: афицидтер, ларвицидтер-зиянкестердің 
дернәсілдерін жоюға арналған; овицидтер – зиянкес жұмыртқасын жоятын препараттар 
болып бөлінеді. Жәндіктердің организіміне түсу әдісі бойынша пестицидтер  ішек 
арқылы, ішекке түскенде жәндік өледі. Жанасу улары жәндіктерді кез-келген дене 
мүшесіне тигенге өлтіреді, олар сыртқы қабаты бұзып, организмге енеді де көбіне тыныс 
жолдарын бітеп тастайды, бұл улар тесіп сорушы ауыз аппаратты зиянкестерге қарсы 
қолданылады. Жүйелік – өсімдіктердің тамыр жүйесі арқылы тасымалданып, олардың 
клеткалық шырынын улайды.[2] 
Химиялық препараттар химиялық құрылымына байланысты және алу әдісі 
бойынша хлороорганикалық; фосфорорганикалық, сынапорганикалық; құрамда мышьяк 
болатын корбалиндік өнімдер тио және дитиокорбалиндік қышқылдар, күкірт және оның 
қосылыстары, алифатикалық, алициклдық, ароматты қышқылдар және олардың 
туындылары, синтетикалық пиретроидтар тобы және тағы басқадай болып бөлінеді. [3] 
Препараттар әртүрлі көбінесе  дуст түрінде, түйіршіктер, суспензия, эмульсия, аэрозоль 
және фумигант түрінде қолданылады. 
Зиянды заттардың жоғарғы концентрациясынан болатын қатты улану 
қорытындысында жасушалар тез өлсе, онда бұл аз уақыт аралығында зиянды заттектер 
өсімдікте онша көбеймейді. Кей өсімдіктер еш зақымдалу белгілерсіз-ақ үлкен көлемде 
зиянды заттектер жинай алады. Бұл өсімдіктер атмосфералық ластанудың жақсы 
индикаторы болуы мүмкін. 
Тамақ тізбегі құрамына кіретін өсімдіктер де (негізінен ауылшаруашылық)  
талқылауға көп көңіл бөледі. Бұл жағдайда зақымдалған белгісі жоқ өсімдіктер де, өнім 
жинап алынғаннан кейін шаң да зерттеледі. Жапырақтарымен қатар, басқа зиянды 
заттектер жиналғанын табуға болатын жемістері және басқа да бөліктері зерттеледі. 


Зиянды заттектер әсерін, олардың таралу көлемін, улылығын бағалау, анықтау үшін 
өсімдіктер үлгілері мұқият таңдалып алынады және зерттелетін материал өңделіп талдауға 
дайындалады .[4] 
Зиянды заттектердің әсер ету түрлері. 
Зиянды заттектердің өсімдікке тигізетін іс-әрекетіне байланысты: 
-  Зиянды заттектердің түрлеріне; 
-  Атмосфераны ластайтын заттектер концентрацияларына; 
-  Іс-әрекет ету ұзақтығына;  
-  Өсімдіктер түрлерінің немесе жеке өсімдіктердің түтінге және газға қабілеттілігіне; 
-  Өсімдіктің немесе оның бөлігінің даму кезеңіндегі зиянды заттектер әсер ететін 
жағдайына; [4] 
Ең маңызды факторларға зиянды заттектер концентрациясы және олардың әсер ету 
ұзақтығы. 
Хлороорганикалық қосылыстар – ауыл шаруашылығында кең қолданылатын 
пестицидтер. Көбінесе олардың ерекшеліктері – әртүрлі қоршаған ортада тұрақты 
(температура, күн радиациясы, ылғалдылық т.б.) пестицидті топырақта 8-12 жылдан кейін 
тапқан және тағы бір ерекшелігі олар көпшілігі орташа улы қосылыстарға жатады, тек 
олардың кейбіреулері ғана өте күшті әсер етуші және ұшқыштығы мен қауіптілігі күшті 
заттарға жатады. [3] 
Хлорорганикалық қосылыстар жедел және созылмалы улану тудырады. Және олар 
бауыр, жоғарғы жүйке жүйелерін және басқа өмірлік маңызы бар органдар қызметін 
бұзады. Қазіргі кезде бұл қосылыстарды басқа қауіпсіздерге алмастыру шараларына 
қолдануда. Күшті әсер етуші алдрин, диалдрин, ДДТ сияқты препараттарды ауыл 
шаруашылығында пайдалануға тыйым салынады.[3] 
Фосфорорганикалық қосылыстар – бұл препараттарға құрамында фосфоры бар 
заттектер жатады. Бұл пестицидтердің көп санды топтарының бірі және соңғы кезде 
оларауыл шаруашылығында кең қолданылады. Фосфорорганикалық қосылыстар өрмекші 
кенеге қарсы және мақтаның басты зиянкестеріне, зиянды бақашық қандалаларға, дәнді-
дақыл зиянкесі және т.б. қарсы қолданылады. 
Препараттар жоғарғы биологиялық белсенді болып табылады, оларға жанасу және 
өсімдік ішкі жүйелік әсері тән, және зиянкес үшін улылығын 2-6 апта аралығында 
сақтайды. 
Фосфорорганикалық пестицидтер жоғарғы биологиялық белсенділікке ие болып, адам 
және жануар организмдеріне улы әсер етеді. Бұл препараттардың көпшілігі жоғарғы улы 
заттарға жатады. Фосфорорганикалық пестицидтер хлорорганикалықтармен 
салыстырғанда қоршаған ортада көп шоғырланып, жиналмайды. Су мен күн әсерінен 
шамамен 1 ай ішінде бұзылып, улылығы аз қосылыстарға айналады. 
Әр-түрлі бағалау сапасына байланысты, қазіргі дүниежүзінде 1000-нан аса 
химиялық қосылыстар, 10 мыңдаған препарат түрінде улылығы 3-ші және 4-ші класқа 
жататын химиялыө заттектер пайдаланылады. Біздің еліміздің өзінде 200-ден астам 
химиялық препараттар (хлорлы карбон қышқылы, фосфорорганикалық косылыстар, 
пиретродтар, симмтриазиндер, сульфуран пестицидттер) қатарын құрайды. [4] 
Сынапорганикалық қосылыстар – сынап қосылыстар негізінен дәндерді егу 
алдында өңдеу үшін ауыл шаруашылық егістік зиянкес- жәндіктерден сақтау үшін 
қолданады. Бұл топтағы  препараттар күшті әсер етуші улар санатына жатады және анық 
тұрақтылық қабілеті бар. Көпшілік сынапорганикалық препараттардың әсер етуші бөлігі 
этилмерхлорид және этилмер курфосфат болып табылады. Жеке бас сақтығын сақтамаса, 
бұл препараттар тамақтан улану себебі болуы мүмкін. Организмде сынапорганикалық 
қосылыстар барлық органдар мен ұлпаларға тез енеді ( әсіресе майларға бай ұлпаларда) 
көп зерттеушілер пікірі бойынша бұл препараттар мен уланудағы жүйке жүйесінің 
зақымдануы да осы қабілетіне байланысты. Сынапорганикалық қосындылармен улану 


кезінде жүрек-тамыр жүйесі қызметі бұзылып, бауырда, асқазанда, мида, қан 
айналысында өзгерістер байқалады.[3] 
Қазіргі кезде улылығы орташа және пиретроидты препараттар қолдану тазалық және 
экологиялық сипаттамаларын жақсартады. Пестицидтердің детоксация қатарымен 
биотрансформация процесінде токсификацияға да орын бар, яғни улылығы жоғарғы 
заттардың пайда болуы. Улы шама доза болып табылады, яғни заттардың мөлшері улану 
үшін жеткілікті. Пестицидтердің улылығы көбіне тәжірибелік топтағы организмдердің 
50%  өлімділігіне әкелетін минималды дозаны қойып салыстырады: бұл доза ЛД  
символымен белгіленеді.[3] 
Әр түрлі бағалау сапасына байланысты, қазіргі дүние жүзінде 1000- нан аса 
химиялық қосылыстар, 10 мыңдаған препарат түрінде улылығы 3-ші және 4-ші класка 
жататын химиялық заттектер пайдаланылады. Біздің еліміздің өзіне 200-ден астам 
химиялық препараттар (хлорлы карбон қышқылы, фосфорорганикалық қосылыстар, 
пиретроидтар, симмитриазиндер, сульфуран, пестицидтер) қатарын құрайды.[2] 
Ауыл шаруашылығын химияландыру, елімізде медикоэкологиялық жағдайдың 
асқынуына алып келеді. Статистика көрсеткендей, жыл сайынғы дүниеге келген 
сәбилердің 11,2%  физикалық және ақыл есі кем болса, 11-12 мың балаға әр қайсысына 
100 мың онкологиялық аурулар сәйкес келеді екен.  
Физикалық және ақыл – есі кем болуы, яғни мекен ету орталарының ластануының 
әсерінен болатын құлдырау процесінің өсуі жоғарылауда. 1989 жылы халық басына 
шаққанда 5 кг ауыл шаруашылығында қолданатын химиялық өнім келіп, жалпы саннан 
0,74% бала генетикалық ауытқулармен дүниеге келген болатын. Қазіргі жылдардағы ауыл 
шаруашылығына жер-су өлкесіне түскен химиялық препараттар массасы адам басына 
шаққанда 25 кг-ға дейін өсіп, ал генетикаық ауытқулармен дүниеге келетіндер саны 
16,5%, дейін көтерілгені байқалған.[1] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   180




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет