Хабаршы «Арнайы педагогика» сериясы



Pdf көрінісі
бет55/110
Дата10.02.2022
өлшемі2.25 Mb.
#455263
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   110
file20191226084701

ҚОРЫТЫНДЫ.  Қазіргі  таңда  сӛйлеу  тілі,  соның  ішінде  жазбаша  сӛйлеу  тілі  Қазақстанда  және 

шет  елдерде  логопедия,  психология,  психолингвистика,  педагогика,  неврология,  лингвистика 

салаларындағы  кӛптеген  зерттеулердің  арқасында  пәнаралық  зерттеу  объектісі  болды.  Осы  күнге 

дейін  кӛптеген  зерттеулердің  жүргізілуіне  қарамастан  бұл  салада  зерттеулер  жүргізудің  ӛзектілігі 

бәсеңдеген  емес.  Ақпарат  ағымының  ұдайы  молаюы  мен  жаңаруына  байланысты  қоғамды  ақпа-

раттандыру  кезеңінде  оқу  тәрбие  үрдісіне,  оның  мазмұны,  әдістері,  ұйымдастыру  формалары  мен 

басқару  түрлеріне  сапалық  тұрғыдан  жаңа  талаптар  қойылуда.  Сондықтан  да,  бастауыш  сынып 

оқушыларының жазбаша сӛйлеу тілі жағдайын бақылап, жазу бұзылыстарын, олардың этиологиясын 

зерттеу  –  логопедияның  басты  бағыттарының  бірі.  Зерттеу  жұмысының  нәтижелерін  талдай  келе 

сәйкесінше  қорытынды  жасалды:  бастауыш  сынып  оқушыларының  қазақ  тілі  сабағында  жазбаша 

жұмыс кезінде кездесетін қиындықтары баршылық. Әр баланың дұрыс сауатты жазбау себептерінің 

бірі қолдың ұсақ моторикасының қалпы, естіп есте сақтау, естіп қабылдау, кӛріп қабылдау, кӛріп есте 

сақтау,  кеңістікте  бағдарлау  сияқты  жазу  процестеріне  қатысты  қабілеттерінің  жете  дамыма-  уы. 

Әсіресе 2 сынып оқушыларында жазба жұмыс орындауда қиындықтар кездесті.  

Зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерді ескере отырып екінші- тӛртінші сынып оқушыларының 

жазбаша сӛйлеу тілін түзету жолдары белгіленді. 

Қорыта  келгенде,  сӛйлеу  дамуының  артта  қалуы  біріншілік  және  екіншілік  қатарлы  себептерден 

туындайды.  Олар  сӛйлеу  формалары  мен  функциялардың  дамуынан,  сӛздікті  логикалық  ойлаудан, 

оқу  әрекетінің  ерекшеліктерімен  байланысты.  жазу  кемшіліктері  бар  балалардың  дисграфиясын 

анықтау  неғұрлым  ерте  уақытта  басталғаны,  оның  түзету  жұмысының  мүмкіндіктерін  соғұрлым 

тиімді болдырады. Оқу мотивациясынын арттыру мақсатында дисграфиясы бар балалардың кемшілік 

құрылымына  сәйкес  талдау  жұмысын  жасап,  әрбір  элементтерін  жеке-жеке  түзету  педагогикалық 

шаралармен  қамту  керек.  Оқу  әрекетін  реттеу  барысында,  баланың  тұлғалық  психикалық  ерек-

шеліктерінің  пайда  болуына  жол  бермеу,  кеңістікте  бағдарлау,  кеңістік  туралы  ұғымдарды 

қалыптастыру,  кеңістік  елестерді  дамыту  ерекше  бағыт  алуы  керек.  сонда  ғана  грамматикалық 

формаларды меңгере алмайтындар дисграфиясы бар балалар қатарына кірмей, жалпы сауатты жолға 

түсіп, тіл кемшіліктерінен бас тарта алады. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:  



1  Садовникова  И.Н.  Нарушения  письменной  речи  и  их  преодоление  у  младших  школьников.   

Москва, 2007.  25 б. 

2  Тулебиева Г.Н., Ибатова Г.Б., Нурсеитова Ж.Ж., Ӛмірбек С.Ж. Мектеп жасындағы жазбаша 

сӛйлеу  тілінің  бұзылыстары  бар  балалармен  жүргізілетін  түзету  жұмысының  ұйымдастыру-

әдістемелік негіздері.  Алматы, 2017.  12 б. 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Арнайы педагогика» сериясы №4(59) 2019 ж. 

46 


3  Ибатова  Г.Б.  Дыбыстық  талдау  мен  жинақтау  дағдыларының  бұзылуы  салдарынан  болған 

жазбаша сӛйлеу тілінің бұзылысын түзету логопедиялық жұмысы.  Алматы, 2015.  36 б. 

4  Ӛмірбекова  Қ.Қ.  Сӛйлеу  тілі  жалпы  дамымаған  балалармен  логопедиялық  жұмыс  ұйым-

дастыру.  Алматы, 2015.  41 б. 

5  Крупенчук О.И., Воробьѐва Т.А. Логопедические упражнения. Артикуляционная гимнастика. – 

Москва, 2003. – 45 б. 

 

УДК 376.37 

МРНТИ 14.29.29 

 

З.Н. Бекбаева

1

 , Ж.С. Тұрғанбек



 

1,2

Абай атындағы ҚазҰПУ, 

Алматы қ., Қазақстан 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   110




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет