Хабаршы «Арнайы педагогика» сериясы



Pdf көрінісі
бет66/110
Дата10.02.2022
өлшемі2.25 Mb.
#455263
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   110
file20191226084701

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Специальная педагогика», №4(59) 2019 г. 

55 


дыбыстан кейін жазылуы, айырму белгісінің дұрыс қолданылмауы немесе мүлдем болмауы. Мысалы: 

зубы  -  «супи»  [88],  любит  -  «лубит»,  письмо  -  «писмо».  Г.М.  Сумченконың  қызықты  зерттеулері 

балалар  тарапынан  жіберілетін  қателер  жуан  дауыссызға  қарағанда  жіңішке  дауыссыз  дыбыстарда 

кӛп  кездесетіндігін  кӛрсетті.  И.Н.  Садовникова  жұмсақ  дауыссыз  дыбыстардың  белгілендегі 

бұзылыстарын тұрақты қатеге жатқызбайды, сондықтан оларды дисграфияға жатқызбайды.  

 



Сӛздегі күшті позицияда кейбір дауысты дыбыстардың белгіленуінде әріптерді алмастыруы: [а] 

- [о], [о] - [у]. Например, часто - «часто» [76], туча - «точа» [82], клюква «клѐква» [137]. 

 

Р.Е.  Левина  [6],  Л.Ф.  Спирова  [152,  153,  154,  155],  М.С.  Грушевская  [8],  А.В.  Ястребова 



алмастыруды  дисграфияда  кездесетін  жиі  қателердің  бірі  деп  санайды.  Бірақ,  спецификалық  түрлі 

қателердің жуық мәндегі пайыздық кӛрсеткішін қарастыратын арнайы зерттеулер болған жоқ. Бірақ, 

кей  жұмыстарда  зерттеу  барысында  қателердің  типологиясына  түрлі  ықпал  ету  жолдары 

қолданылып, қарама қайшылыққа толы нәтижелер алынғандықтан, оларды салыстыру мүмкін болмай 

тұр.  



 



Қателердің  ӛзге  тобын  сыртқы  келбеті  мен  жазылуы  бойынша  ұқсас  әріптерді  алмастыруы 

құрады: и-у, т-п, б-д, к-н, л-м, К-Н, п-р т.с.с О.А. Токарева [163, 164, 165] және М.С. Хватцев сияқты 

ғалымдар  бұл  алмастыруларды  оптикалық  деп  атаса,  ал  Р.Е.  Левина  [6],  Л.Ф.  Спирова  [9],                        

И.В.  Троицкая  [3],  Е.Ф.  Соботович  [3]  сияқты  ғалымдар  графикалық  деп  атайды.  Біздің  кӛз-

қарасымызша, аталмыш қателердің нақты мағынасы Р.И. Лалаевада кӛрсетілген, «графикалық ұқсас 

әріптерді  алмастыруы».  Бұл  термин  бір  уақытта  конфигурация  ұқсастығы  мен  әріптерді  жазу 

ұқсастығын бейнелейді. Р.Е. Левина [3], Л.Ф. Спирова [3], А.В. Ястребова сияқты ғалымдар бұндай 

алмастырулар  айтарлықтай  сирек  болатынын  айтады.  Л.Ф.  Спировованың  мәліметі  бойынша,  олар 

жалпы  қателер  санының  9%  құрайды  екен.  Ӛзге  авторлар  бұл  алмастырулар  дисграфиялық 

қателердің үлкен және ерекше тобын құрайды деген ойды ұстанады.  

Спецификалық қателердің келесі тобы әріптер мен буындарды тастап кетуі болып келеді. оларға: 

 



Дауысты  дыбыстарды  білдіретін  әріптерді  тастап  кетуі  жатады:  огороде  -  «огорде»,  молодой 

«малдой»  [4],  кисель  -  «кисл»  [4].  Мысалдан  кӛріп  отырғанымыздай,  дисграфияда  екпінді  және 

екпінсіз  дауыстыларды  тастап  кетуі  байқалады.  Түрлі  авторлардың  мәліметі  бойынша  дауысты 

дыбыстарды тастап кетуі спецификалық қателердің 3,5% дан 14 % құрайды екен.  

 

Дауыссыз  дыбыстарды  құрайтын  әріптерді  тастап  кетуі:  дыню  -  «дыю»  [5],  страна  «стана».          



Е.А.  Логинова  атты  ғалым  дауыссыз  дыбыстарды  тастап  кетуінің  таралуы  туралы  мәліметтерінде 

олар жалпы қателер санының 11%құрайды деген. Кей зерттеушілер оқушылар дауыссыз дыбыстарды 

тастап кетуін олардың ағымында жіберіп отыратындығын айтады.  

 



Буындарды тастап кетуі: электровозы - «электрозы» [4], колокольчики - «калкочм» [8]. 

И.Н.  Садовникованың  пайымдауынша,  әріптерді  тастап  кетуіне  кейбір  позициялық  жағдайлар 

ықпал  етуі  мүмкін  деген:  бір  атаулы  әріптердің  кездесуі,  бірдей  екі  әріпті  білдіретін  буындардың 

кӛршілес болуы т.с.с. 

Спецификалық қателерге сӛздегі әріптердің  орнын ауыстыруы  да жатады. О.Б. Инпшкова «орын 

ауыстыруы»  терминін  түрлі  кӛріністе  қарауға  болады  дейді.  Кей  жағдайда  баланың  жазуында 

әріптердің кері кезектілігі пайда болады. 

Қателердің  келесі  бір  тобы  әріптер  мен  буындардың  персеверациясы.  Р.Е.  Левина,  Р.И.  Лалаева, 

И.Н.  Садовникова  сияқты  ғалымдар  оларға  келесі  қателерді  жатқызған.  Сонымен,  персеверация 

астарында жиі жағдайда қажет әріп немесе буынның орнына баланың жазып қойған әрпі мен буының 

жазуы деп түсіндіріледі. 

Қателердің  ерекше бір тобын әріптерді айна кейпінде жазу (зеркальное написание) құрайды. Бұл 

қателер  жазудың  фонетикалық  қағидасын  сақтамумен  байланысты:  бұл  жағдайда  сӛздің  фонемдік 

құрамы  қате  жеткізіліп,  дегенімен  дыбысты  белгілеу  үшін  жоқ  белгі  қолданылады.  Жазудың 

фонетикалық  қағидасын  жүзеге  асырудың  бұзылысы  ретінде  айтуға  болатын  қателердің  бірнеше 

тобы бар. Бірақ, олар дәстүрлі түрде дисграфиялық қателерге жатқызылады.  

Мысалы, сӛйлемнің шекарасын белгілеудегі бұзылыстар - сӛйлемнің басында бас әріптің болмауы 

мен сӛйлемнің соңында нүктенің болмауы: «гуси вышли изадвора».  

Спецификалық  қателерге  сонымен  қатар  сӛйлемдегі  бірнеше  сӛздердің  бірігіп  немесе  бірнеше 

бӛлікке  бӛлініп  жазылуын  жатқызуға  болады.  Бұндай  қателерді  алдыңғы  қателер  сияқты  сӛздердің 

шекарасын  белгілеудегі  бұзылыстар  деп  айтуға  болады.  зерттеушілердің  басым  бӛлігі  жұрнақ  пен 

жалғаудың  жазылуымен  байланысты  қателерді  дде  атап  ӛтеді:  «на  ступила»,  в  доме  -  «вдоме». 

Сонымен  қатар  екі  қарапайым  сӛздер  мен  атаулы сӛздерді  қосып  жазуы  немесе  сӛздерді  ажыратып 

жазуы сиқты қателері кездеседі: луна - «светитлуна», брат - «брат». 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   110




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет