Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Арнайы педагогика» сериясы №4(59) 2019 ж.
56
Кейбір авторлар дисграфиялық қателерге аграмматизмді де жатқызады. Р.Е. Левина, Н.А. Ни-
кашина, И.К. Колповская, Р.И. Лалаева, И.Н. Садовникова сияқты ғалымдар сӛздердің мор-
фологиялық құрылымы, консрукциясы, келісімділігінң бұзылысы сияқты бұзылыстарды атап ӛткен.
Атап ӛтетін жайт, бірқатар ғалымдардың еңбектерінде кӛрсетілген екпінді емес жалғауларды қате
жазуды аграмматизм деп тану дұрыс па. Л.Ф. Спирова, А.В. Ястребова, Р.И. Лалаева сияқты
ғалымдар аграмматизмдер сонымен қатар сӛйлем мен мәтіннің синтаксистік безендендіруінің
бұзылысы деп есептеген.
Әдебиететрді талдау барысы аграмматизмдер жиі жағдайда оқушылардың жазбаша жұмыстары
негізінде, яғни шығарма мен мазмұндама жазуы барысында зерттелгендігін кӛрсетті. Осыдан
шығатын жайт, бұзылысты жазу бұзылсы деп емес, жазбаша сӛйлеу тілі бұзылысы деп атап орынды,
себебі, ол жазып отырған оқушының ӛзіндік пайымдауына негізделеді. Диктанттардағы қателер мен
кіші сынып оқушыларының кӛшіріп жазуын зерттеу агрраматизмді жазудың бұзылысы ма, әлде
жазбаша ӛйлеу тілінің бұзылысына жатқызу қаттелігі туралы сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік
береді.
Сонымен, аталмыш бӛлімде біз дәстүрлі түде спецификалық деп танылатын негізгі қателерді атап
кӛрсетті. Сонымен қатар, қандай да бір қателерді трактовкалаудың нұсқаларына да тоқталдық.
Мысалы, М.С. Грушевская дыбыстың акустикалық артикуляциялық белгіссі бойынша «цветы» деп
жазудың орнына «щветы»сияқты әріптерді жазуын алмастыру деп атаған. Бірақ, ц-щ-щ әріптері де
бір бірімен графикалық та ұқсас. О және а алмастыруын Р.И. Лалаева дыбысталуы жақын әріптерді
алмастыруы десе, ал И.Н. Садовникова оны графикалық қате ретінде санайды. Қателердің
анықтамасындағы түрлі трактовкалар олардың пайда болу механихзмдерінің түрлі болуын да
түсіндіреді.
Бүгінгі таңда балалардағы жазбаша сӛйлеу тілінің спецификалық бұзылысының механизмін
зерттеудің екі негізгі бағыттарын қарастыруға болады: психологиялық-педагогикалық және
нейропсихологилық.
Дисграфияның патогенезін зерттеуге психологиялық-педагогикалық ықпал ету оқушылар ара-
сында кең тараған. Аталмыш бағыттың ӛкілдері дисграфияның пайда болуын жазбаша сӛйлеу тілі
үрдісін қамтамасыз ететін жоғарғы психикалық функциялардың бұзылысымен түсіндіреді.
Балалардағы жазбаша сӛйлеу тілінің бұзылысын мақсатқа бағытталған педагогикалық зерттеудің
бастамасын Р.Е. Левина мен оның шәкірттері қалады. Аталмыш ғылыми мектептер шеңберінде
дисграфия ауызша сӛйлеу тілінің бұзылыстарының салдары ретінде қарастырыла бастады. Жазу
барысында дыбыстың акустикалық артикуляциялық белгілері бойынша ұқсас әріптерді алмастыруы,
Р.Е. Левина, Л.Ф. Спирова, И.К. Колповская, Н.A. Никашина, М.С. Групювская, А.В. Ястребова
сияқты ғалымдар фонематикалық қабылдау мен дыбыс айтудың дефектілері деп түсіндіреді. Онда
сӛйлеу тілінің дыбысталуы зақымдалған балаларда дисграфия сӛйлеу тілінде паталогиясы жоқ
балаларға қарағанда жиі кездесетіндігін айтады. Бұл авторлардың ойынша, әріптер мен буындардың
орнын ауыстырып, шатастырып қолдануы фонематикалық талдау мен синтездің жеткіліксіз
қалыптасуының салдары болып келеді екен. Сӛз бен сӛйлемнің шекарасын белгілеудегі қателерге,
аграмматизмге келетін болсақ, олар лексикалық грамматикалық жетіспеушілікке негізделеді екен.
Әріптер мен буындардың антиципациясы мен персеверациясы балаларда зейіннің жеткіліксіздігі, ӛзін
басқару мен зейінің дыбыстық талдау мен әріптерді белгілеуіне бӛле алмауы салдарынан болады
екен. Дегенімен, Р.Е. Левина, Л.Ф. Спирова, А.В. Ястребова сияқты ғалымдардың еңбектерінде
оқушылардың зейіндерінің ерекшеліктері қарастырылмаған. Осыған орай, дисграфия негізінде
оқушыларда фонетикалық фонематикалық немесе жалпы сӛйлеу тілінің дамымауы сияқты себептер
жатыр деп айтуға негіз бар.
Р.Е. Левинаның идеясын ары қарай жалғастырған Р.Д. Тригер, И.В. Троицкая, Е.Ф. Соботович,
Е.М. Гопиченко, Р.И. Лалаева, И.Н. Садовникова, А.Н. Корнева сияқты ғалымдар болды.
Кӛзқарастардың ұқсастықтары дыбысталуы жақын әріптерді алмастыруы: қатаң мен ұяң
дауыссыздар; шуыл және ысқырық дауыссыздар, аффрикаттар мен олардың компоненттері, жуан
және жіңішке дауыссыздар, кей дауыстылар т.с.с Бірақ, соңғы жылдардағы психофизиологиялық
зерттеулер сӛйлеу тілін қабылдаудың күрделілігін кӛрсетіп, оқушылардағы фонемдік танудағы
қиындықтарды жіті талдау қажеттілігін кӛрсетті.
Е.Ф. Соботович, Е.М. Гопиченко сияқты ғалымдардың мәліметі бойынша дыбысарды ажыратуда
оқушылар олардың артикуляциялық белгілеріне назар аударып, есту арқылы басқаруын қолданбайды
екен. О.Л. Токарева, И.Н. Садовникова [135, 136, 137], Р.И. Лалаева, А.Н. Корпев т.с.с ғалымдар
|