Хабаршы «Арнайы педагогика» сериясы



Pdf көрінісі
бет75/110
Дата10.02.2022
өлшемі2.25 Mb.
#455263
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   110
file20191226084701

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Арнайы педагогика» сериясы №4(59) 2019 ж. 

62 


күресте  қандай  да  болмасын  қиыншылықтарға  мойымай,  дұрыс  берілген  тәрбие  арқылы  жеңуге 

болады.  Адамды  қалыптастырудағы  тәрбиенің,  жауапкершіліктің  рӛлі  туралы  жаңа  кӛзқарас  болуы 

қажет. 

Адамгершілік  нормалар,  ұғымдар  мен  мәселелер  естімейтін  және  нашар  еститін  тәрбиеле-

нушілердің  мінез-құлқына  терең  әсер  ете  отырып,  олардың  сезімін  оятып,  рухани  дүниесіне, 

танымына ықпал етеді. Естімейтін және нашар еститін оқушылардың абзал адамгершілік саналарын 

қалыптастыруда  әлеуметтік  орта,  адамдармен  қарым-қатынас,  теледидар,  әдебиет,ӛнер,  тағы  да 

басқалар  әсер  етеді.  Әдетте  бұл  процесті  орындауда  жанұя, ата-ана,  мұғалім,  тәрбиешілер  маңызды 

рӛл атқарады.  

Жанұя ортасы- әр бала үшін алтын бесік, қанатын қатайтып, үлкен ӛмірге аттандыратын мейірімді 

биік тұғыр. Гүл күнге қарап ӛсетін сияқты, бала да тәрбиешінің мінез-құлқына қарап, ер жетеді.  

Тәрбиешілер,  ең  алдымен,  ӛзі  үлгі  болатындай  етіп,  ӛз-ӛзін  тәрбиелеуі  керек.  Әр  баламен  жеке 

дара жұмыс жасап, әңгімелесіп, сырласу тәрбиешінің ғанибетті ісі. 

Тәрбиешілер  табиғи  болуы  қажет,  олардың  жылы  жүрегі,  мейірімді  жүзі,  аялы  алақаны,  ыстық 

құшағынан  балаға  дүние  есігі  ашылады,  оның  дүние  танымы,  ӛмірді  танып  білуінен  басталады.  Әр 

тәрбиешінің  бойында,  естімейтін  және  нашар  еститін  балаларға  деген  сүйіспеншілік,  қамқорлық 

сезімі, елеулі рухани күштің, сезім сұлулығы мен мінез байлығының, ӛмірдің әр қырының жағымды 

үлгі-ӛнегесі болуы қажет.  

Есту кемістігі бар балаларға арналған мектептерде оқитын оқушылар тез шаршағыш болып келеді 

және  де  тілдері  дамымаған,  сӛздері  дамымаған,  сӛз  қоры  ӛте  аз,  дыбыс  шығарулары  дұрыс  емес, 

айтқан сӛздері түсініксіз болады. 

Қоршаған  ортаның  сӛздерін  ұғынуға  қиналады.  Естімейтін  және  нашар  еститін  баланы 

коллективтің  рухында  тәрбиелеу,  оның  ӛз  тәртібіне,  жеке  басының  жауапкершілігіне  тәрбиелеуді, 

барлық оқу міндеттерін орындауды талап етеді. 

Әсіресе,  есту  қабілеті  зақымданған  балаға  мұғалімнің  сабақта  қалыптасқан  қарым-қатынас 

стилінің  тәрбиелік  маңызы  зор.  Мұғалім  мен  оқушының  сабақ  үстіндегі  қарым-қатынасын,  олар 

балалар  арасында  үстем  болатындай  етіп  ең  жоғарғы  адамгершілік  қарым-қатынастар  түрінде 

құрудың маңызы ӛте зор. Гуманистік қарым-қатынас стилінің негізінде арнайы мектепте мұғалімнің 

оптимизмі, оның оқушы мүмкіндігіне деген шексіз сезімі, бала бойындағы жақсы қасиеттерге сүйеніп 

жатады.  Есту  кемістігі  бар  оқушылар,  мұғалімдердің  қарым-қатынас  стилі  ең  алдымен,  оның  қояр 

талабының мазмұнынан, балаларды іс-әрекетке ынталандыру мен бағалай білу жүйесінен байқалады. 

Мұғалім  әр  сабақта  балаларды  ӛзара  қарым-қатынастарын  қалыптастыруға,  балаларды  бір-біріне 

ынталы  болуға  үйретуге,  бірге  еңбектенуге,  бір-біріне  кӛмек  беруге,  ӛзі  мен  ӛз  жолдастарының 

жетістіктері мен кемшіліктерін дұрыс бағалай білуге бағытталған талаптар қояды. Бұл үшін мұғалім 

әр  түрлі  тәсілдер  қолданады.  Мысалы,  сабақ  үстінде  бір  оқушының  орындаған  жұмысын  бүкіл 

сыныпқа тексеру арқылы бағалатамыз. Жолдастары кеткен қателерін кӛрсетіп, нақты бағасын қояды. 

Тапсырманы  тексерудің  мұндай  әдісі,  балалардың  ӛз-ӛзіне,  бүкіл  ұжым  ісіне  деген  жауапкершілік 

қасиетін арттырады. 

А)  Топтық  жұмыстың  мәні-балаларды  бір-біріне  кӛмектесе  отырып,  ӛздеріне  жүктелген  ортақ 

тапсырманы бірлесіп, жемісті еңбек етуге үйрету. Тәрбие ісіндегі бірізділіктің,педагогикалық негізгі 

баланың мектеп жасына дейінгі игерген мінез-құлық формалары мен мұғалімге, жолдас құрбыларына 

қарым-қатынасы,  адамгершілік  жайындағы  бастапқы  білім  мен  сезімі  бастауыш  сыныптарда 

адамгершілік  мінез-құлықтың,  ой-сананың,  сезімнің,  қарым-қатынастың  жаңа  формалары  дамитын 

іргетасы  болып  табылады.  Алдыңғы  ӛткен  тәрбие  осы  кезеңнің  ерекшеліктерін  сақтай  отыра, 

болашақтың  ерекшеліктеріне  қарай  бағыт  алып,  баланы  соған  дайындайды,  ал  келесі  тәрбие  ісі 

баланың ӛмір сүрген кезіндегі тәжірибесіне барынша сүйенеді. 

Естімейтін және нашар еститін балалар үшін адамгершілік тәжірибелердің шешуші маңызы зор.  

Тәрбие  кӛбінесе  ең  алдымен  кемістігі  бар  баланың  адамгершілік  ережелерін,  нормасын  және 

принциптерін  қолдана  білу  қажеттілігіне  кӛз  жеткізіп,  әдеттенетін  күнделікті  тұрмысына  ӛтеді. 

Мұндай  балалардың  тӛңірегіндегі  адамдардың  қоғамдық  мүддесімен  қоғамдың  ӛмірімен  байла-

нысқан кез-келген әрекеті, адамгершілік әрекеті болып табылады. Адамгершілік қасиеттердің дамуын 

анықтайтын тәрбиенің ӛзегі кеміс балалардың гуманистік қарым-қатынасы мен ӛзара қатынастарын 

қалыптастыру  болып  табылады.  Тәрбие  жұмысының  мазмұны,  методы  және  формаларына,  соған 

сәйкес  нақты  мақсаттарға  қарамастан,  мұғалімнің  алдында  әрқашан  есту  қабілеті  зақымданған 

балалардың адамгершілік қатынастарын ұйымдастыру міндеті тұруы тиіс.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   110




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет